Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Сабиркин бұдан былай ата-енесімен бір шаңырақ астында тұра алмайды! Бұл мәлімдемені блогердің өзі жасады. Ол жалғыз емес, абысынын да қоса алып кеткісі келеді екен. Қос шаңырақтың шайқалуына не түрткі болды?
Бұл «Бөлек шығайық» толықметрінің концепциясы. Онда Сабиркин шынайы өмірдегі абысыны – Мадина Сабырмен бірге ойнайды. Екеуі кинода да бір әулеттің келіндері.
– Кинода Мадина жұмсақ, Сабира сәл пысықтау?
Сабира Жарасқызы, блогер, актриса:
– Негізі солай болып басталады. Бірақ та нағыз сұр жылан қасымда тұр.
– Сабираның келін болып түскеніне 8 жыл, Мадинаға 6 жыл. Келіндік өмірлеріңіздің алғашқы кезеңінен қызықты оқиға естеріңізде бар ма?
– Мен мантоварканы күйдіріп алғам. Суын аз құйып қойғам ғой. Мантоварка күйіп бу болып жатыр ғой кухня.
– Келінімді қызымдай көрем деген рас па осы?
Мадина Сабыр, блогер, актриса:
– Жоқ. Менің ойымша келіннің орны бөлек.
Сабира Жарасқызы, блогер, актриса:
– Негізі менің енем маған сені қызымдай көрем деп айтқан емес. Бірақ қызындай көреді. Негізі в деле.
Фильмнің сценарисі, бас продюсері әрі қоюшы-режиссері – Нұржан Еркінұлы. Бір қызығы бұл лентаны жазарда авторлық құрамға жұбайлары да көмектескен екен. «Енді әйелдердің психологиясын әйелдер жақсы түсінеді ғой»,-дейді Нұржан.
– Дәл осы фильмнің түсірілімі кезінде: Бұл кино арқылы жабылмаған гештальтарды жапқымыз келеді,-деген едіңіз. Ол қандай гештальдтар? Атап айта аламыз ба?
Нұржан Еркінұлы, автор, сценарист:
– Бізде мизогиния дейтін үлкен бір нәрсе бар. Ол әйелдің әйелді, жұмсақ айтқанда жақсы көрмеуі дейміз. Соған қатысты. Сосын сеперация дейтін нәрсе бар. Ана мен баланың арасындағы кіндігінің үзілуі. Баланың нағыз ересек атануы.
Ал қатыгез ененің рөлі Қарагөз Тілеубековаға бұйырған. «Қазіргі таңда ене мен келін түсінісе алмай жатады. Бірін бірі айыптайтындар да көп. Бұл фильм сол дүниенің алдын алып, адамдарды мәмілеге шақырады»,-дейді Тілеубекова.
– «Бөлек шығайық» фильмінің көрерменге берері қандай? Үш себеп айта кетсеңіз?
Қарагөз Тілеубекова, актриса:
– Тәрбиелік мағынада түсірілген. Қазір бәрінің көзі ашық қой. Ененің де көзі ашық. Қыздың да, халықтың да көзі ашық. Өздеріне көп нәрсе түйіп алады деп ойлаймын.
Басты рөлдердің бірінде – Нұрқанат Молдахан. Ол Сабиркиннің күйеуін ойнайды. Бірақ Нұрқанаттың шын өмірде басы бос. «Уақыт өте таңдап қалады екенсің»,-дейді ол.
– Бұл фильмнің түсірілімі осыдан 4-5 ай бұрын болды. Ол кезде «Басым бос» деген едіңіз. Арада біршама уақыт өтті ғой. Өзгеріс бар ма?
Нұрқанат Молдахан, актер:
– Өзгеріс жоқ.
- Неге?
- Бұйыртса болады.
- Көзіңіздің астына алып жүрген қыз бар ма?
Өзгерістер болатын сияқты...
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ене мен келін қазақтар үшін таусылмайтын тақырып. Дәл осы мәселені қозғаған толықметр үлкен экранға жол тартты. Келіндер мен көрерменнің көңілінен шыға ма? Жоқ па? Оны уақыт көрсетеді.