Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Алматы көшелері бұғатталып, жойқын жарылыстар мен атыс-шабыс болғаны естеріңізде ме? Көпшілік қарақшыларды құрықтау операциясы жүріп жатыр деп болжаған-ды. Расында, бүгінгінің батырлары - Ұлттық ұлан жайлы «Бүркіт» фильмінің түсірілімі болатын. Бүгін – премьерадамыз!
Дәурен Серғазин, кино және театр актеры:
- Бұл мен үшін өте қиын фильмдердің бірі болды физикалық тұрғыда. Жалпы енді күрең береттің экзаменін толықтай өтпесек те тиіп қашып, үзінді-үзінді ғып тапсыруға тырыстық.
Санжар Мәди, актер:
- Өте қиын фильм болды, біз салқын суға түстік былтыр, сосын біздің киіміміз 50 келі болды, бас киім анау фотода бар 15-16 кг тоже.
Асылхан Төлепов, кино және театр актеры:
- Мұндай фильмде арнайы жасақтың сарбаздары туралы түсірілген фильмде кішкене де үлес қосып атсалысқаныма өте қуанамын. Әрбір актердің арманы деп ойлаймын әскери фильмге түсу.
Дәурен Серғазин, Санжар Мәди және Асылхан Төлепов арнайы жасақ сарбаздары. Күн сайын қауіпті операцияларға аттанатын олар әрбір штрум сайын басын өлімге тігеді. Дегенмен, бұл қайсарлық үшін сый - күрең берет! Олардың прициптері - тапсырманы бұлжытпай орындау, серігін қорғау және сертке адал болу. Әскери драма шынайы оқиғаға негізделген.
Дәурен Серғазин, кино және театр актеры:
- Түсірілім жұмыстары күрделі болды, көлік апаты болды жарылыс парашютпен секіру... жарақаттанып қалған жоқсыз ба?
- Кішігірім былай жарақаттар болды, қатты шаршадық, қиналдық, өйткені физикалық жаттығуларды бір күнде түсіретін болды, бірақ енді үлкен жарақат ондай болған жоқ.
Асылхан Төлепов, кино және театр актеры:
- Басты рөлдегі актер әрбірі жасағысы келеді, жасауы да мүмкін, қолынан келеді. Бірақ, қолынан келіп тұрса да жасатқызбайды, неге өйткені трамва алып қалған жағдайда бүкіл түсірілім алаңы былайша айтқанда жұмыссыз қалады, тоқтап қалады.
- Мұндай женкештілікке байланысты көп гонорар төленген шығар, комедияның өзінде актерлар сменасына 500 мың алады екен кем дегенде.
- Шүкір енді, бұл жалпы әскери тақырып мен үшін өте қызық тақырып болғаннан кейін мен бұл гонорардың бағасын осындай-осындай деп көп талап қоя алмадым. Өйткені маған бұның шығармашылық өнері мен үшін қызығырақ болды. Сондықтан шүкір.
Фильмнің кульминациясы – Ғалымжан Молданазарға тиесілі. Киномандар ә дегеннен музыкантты танымай қалуы да мүмкін. Себебі, имиджін өзгерткен. Тұңғыш толықметрінде Ғалымжан мылқау баскесерді сомдайды.
- Образыңыз, өте эпатажды сіз шашыңыз қасыңыз, мұртыңыз бәрін аққа бояған екенсіз. Қалай келістіңіз?
- Жоқ оны мен өзім жасадым. Ол маған түсесің деді бір күн қалғанда. Мен айттым кімді ойнаймын , ол айтады осындай осындай осындай адамның ролін ойнайсың. Менің түрім әлбетім жалпы оған келмейді. Менен басқа адам жоқ па деп едім жоқ сен түсуің керек деді. Сүйтіп онда мені күте тұрыңдар деп кетіп қалдым да, бір 3-4 сағаттан кейін солай оралдым.
- Шошып қалған жоқ па ?
- Бәрі шошып кетті. Егер былай түскенімде рол жараспайтын сияқты.
- Сіз қателеспесем мылқау жанды сомдадыңыз иә қиын болмады ма?
- Жоқ сол бір күннің ішінде бірақ үйрену керек болды. Иә бірақ үйрендім сол репетитор болды. Қиын ештеңесі, көңілді өтті мен үшін бір бір қызық ойын болды.
Ғалымжан киноөндіріске жоламаймын дейтін. Бірақ, бұл жолы режиссердің сөзін жерге тастай алмаған.
Ғалымжан Молданазар, музыкант:
- Жалпы Данияр менің өмірдегі жақын досым, жолдасым. Осы киноның алдында мен режиссер болып Орынханға клип түсіргенмін. *Одан кейін ол кино түсіретін болып сосын маған айтты сен қарызың бар. Сүйтіп достық сондай.
- Сізді бағана айтып жатыр актерлік шеберліке оқыған дейді Жүргеновте сол рас па ?
- Мен бір жыл оқығанмын иә театр актерында. Бір жыл оқып шығып кеткем.
- Неге тастап кеттіңіз ?
- Музкаға көбірек көңіл аударғым келді.
- Актерлық мансабыңыз бұдан кейін жалғасуы мүмкін бе ?
- Негізінде жоқ түскім келмейді. Жалпы ондай ойым жоқ, қалауымда жоқ.
Жабық көрсетілімде «Бүркіт» фильмінің актерлық құрамы мен түсірілім тобына Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланыныың арнайы төсбелгісі тағылды.
Рүстем Жаныаманов, актер:
- Менің мына кішкентайым, бағана кино бітіп жатқанда қатты рухтанып кетті ғой деймін, өскенде кім боласың десем бүйтіп жауап беріп жатыр:
- Кім боласың өскенде?
- Мен өскенде солдат боламын.
- Ай бәрекелді, мінекей.
Санұржан Сүлейменов, актер:
- Өте мықты постановка болды. Толықтай қанша уақыт дайындалғанын білемін балалардың, сол тығыз уақыттың ішінде осындай нәтиже бергендеріне.
Ермек Шынболатов, актер:
- Басқа уровень, голливудтан кем емес деп санаймын. Мен үшін открытие болды, бір сөз айтпай, осылай, мен ойлаймын ол адамның харизмасы шығар. Әр жесті професциональный актерлардан кем түсіп жатқан жоқ.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- «Бүркіт» - экшн! Кіл комедияның арасынан дараланып, бокс-офис көшін бастай ала ма? Уақыт төреші.