Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желілердегі ақпаратты реттейтін заң қабылданды. Ол 10 шілде күні шығып, 9 қыркүйек күшіне енген еді. Онда блогерлер: жалған ақпарат таратпауы, ұлтараздықты тудыратын, саяси мәселелерді көтермеуі керек. Қала берді, жарнама жасау үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндеттеледі. Заңның маңызды жаңалықтарының бірі – онлайн-платформалардың интерфейсін қазақ тіліне аудару. Дакенти: «Мемлекеттік тіл мәртебесі үшін бұрыннан еңбек етіп келеміз»,-дейді.
– Бұл заңға қатысты не айтасың?
Дамир Бейсенбаев, блогер:
– Блогерлерге не заң шықпай жатыр қазір? Біз бұрыннан қазақ тілін қолдау үшін, қазақ тілін өсіру үшін біз қазақ блогерлері болып шықтық қой.
Заңнамадағы тағы бір пункт – әр жарнамадан мемлекетке салық төлеу және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Мысалы, блогер Баха Пупер бұл ереже шықпай жатып-ақ, салығын өтеп жүрген. Себебі есепшілері: «Өзіңе керек болады. Қисабыңды жасап жүр»,-деп ескерткен.
Baha Puper, блогер:
– Негізі дұрыс деп ойлаймын. Мысалыға налог төлеу керек деген сияқты нәрсе ғой. Каждый рекламаға ответственный. Ол дұрыс. Мен өзім бір 5 жылдай шығар именно как блогер ретінде мен налог төлеймін.
- Жылына қанша төлейсің?
- Жылына енді мен білмеймін, бухгалтерлар өздері... Бухгалтерларым бар. Өздері істейді.
Ал Асқар Оразбаев жақында күшіне енген заңға қарсылық білдіріп жатқан әріптестерімен келіспейді. Мемлекет бізге ненің жақсы екенін біледі,-дейді. Бірақ Асқардың өзі әлі жарнамаға байланысты салық төлеп көрмеген.
Асқар Оразбаев, блогер:
– Заң барлығына ортақ. Значит заң қабылданды ма, соған бағынуымыз керек. Заңға бағынған құл болмайды деп...
- Налог төлейсің ба?
- Налог иншаАлла төлейін деп тұрмыз ғой...
- Төлемейсің?
– Блогер ретінде налог төленген жоқ әлі. Өйткені реклама алмаймын мен.
Ал тиктокерлер ереже бұзбайтынын айтады. Мысалы Сикстирич лақап атымен танымал – Диас Алпысбаев ешқандай ережеден жалтарып көрмепті.
Диас Алпысбаев, тиктокер:
– Біз уже давным давно налог төлейміз. Кәдімгідей ИП-мен. НДС бәрін кәдімгідей төлейміз.
Анель Кенжебекова да тәртіпті блогерлер тізімінде. Салықты уақытылы төлеп отырады екен. Бірақ айына мемлекетке неше мың құятынын айтқысы келмеді.
Анель Кенжебекова, блогер:
– Иә, өзім налог төлеймін. Негізі дұрыс жасады. Болды, басқа ешқалай комментировать етпей-ақ қояйын бұны. Негізі дұрыс.
- Жылына қанша налог төлейсің немесе айына?
- Негізі ол рекламаға байланысты. Қанша реклама түседі деген сияқты ғой.
– Тамызда қанша төледің?
- Айтпай-ақ қояйын олай.