Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– Дәл бүгін мына ауқымды сахнада марқұм музыкант Дархан Джуздың хит әндері шырқалатын болады. Бақилық болған рэпердің өнердегі достары «Тебірен фест» атты оупен эйр ұйымдастырды. Шарадан түскен қаражат Дарханның балаларының шотына аударылмақ.
6000 мың тыңдарман құбылмалы ауа-райына қарамастан Дархан Джузды еске алу кешіне жиналды. Марқұм рэпердің құрметіне 30-дан астам музыкант бір сахнада өнер көрсетті. Мақсат – Дарханның мұрасын жаңғырту.
ARShAT, музыкант:
New school-дың атасы деп айтайық, жаңа школаның атасы.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Еске салсақ, 9-тамыз Дарханның туған күні. Бұл күні музыканттың көзі тірісінде бітіре алмаған альбомының тұсауы кесілді. 14 тректен құралған үнтаспадағы композицияларды дәл қазір өзге музыканттар сахнада орындап жатыр.
Айзатулла Хуссейн, «õzen» лейблының продюсері:
– Дархан бақилық болмай тұрып, альбомның 95 пайызын дайындап үлгерген еді. Біз тек жігіттермен барлығын жинақтап, оның қалауындағы үнтаспаны шығаруға тырыстық. Ол 13 әнді жазып, 14-шісін таңдап жүрген еді. Бәрін қаз-қалпында қалдыруға тырыстық.
ARShAT, музыкант:
- Дархан Джуздың әндерін орындау үлкен жауапкершілік, сол жауапкершілікті сезіндің ба?
- Иә сезіндім, қатты уайымдадым, бір тексттен қателесіп қалдым, себебі Дарханның жаңағы «речитатив» дейді ғой, сөздері жазылғанымен оның айтылуы басқаша қылып жазады да, сосын тілім кішкене бұрмаланып, кішкене уайымға кіріп кеттім.
- Неге «Sapar» әнін таңдадың?
- Дарханның әндерінен ерекше прям, как будто өзімнің өмірімді көретін осы 2 трек бар, біреуі «Erikpe», екіншісі жаңағы «Sapar». «Ерікпені» енді Еңлік ханым орындап тастағаннан кейін, «Сапарға» тоқталуға тура келді.
Айзатулла Хуссейн, «õzen» лейблының продюсері:
- Дарханның жарыққы шықпай қалған әндері өте көп, оның арасында бірнеше дуэттер де бар. Біз оның барлығын жыл соңында ақырындап шығара бастаймыз, бүгіннің өзінде көп еңбек етілді.
«Тебірен фест» шарасында Дарханның өнердегі әріптестері ғана емес, туған әпкесі мен ұл-қызы да бой көрсетті.
Назым Жүнісбекова, Darkhan Juzz-дің әпкесі:
– Дарханның алғашқы тректерінің бірі «Үйде» менің сүйікті әнім. Бірінші рет естігінімде, ол маған мұндай әнді ешкім тыңдамайды деп қынжылатын. Тыңдарманың бар деп жұбататын едім. Қазір жастардың барлығы жатқа айтып жүр.
Darkhan Juzz-дің жақын достары:
Таиландта соңғы демі шыққанда мен жанында едім. Қазір қатты жетіспейтінін сеземін. Оның қаруы – музыка еді. Сол музыкасы мәңгі болуы үшін біз қолымыздан келгенді жасаймыз.
Mona Songz, музыкант:
- Дарханмен сөйлесіп отырған кезде, ол айтқан: «Негізі біздің мақсатымыз осы дүниеде, ну оның целі болып тұрды ғой, менің целім осы кітапта қалу», - деді. Сол есімде қалып қойды қатты.
Дарханның есімі – өшпесі анық. Музыкант жайлы деректі фильм жарық көреді. Бұған қоса рэпердің рухына арналған «Тебірен фест» дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.
Азат Әбікен, продюсер:
– Концерттен түскен қаржыны есептеп, бір бөлігін оның мұрагерлеріне береміз. Қалған бөлігі Алматы мен Астана қалаларында Дарханға арналған ескерткіш орнатуға жұмсалады. Оның мүсінінің жанына жас музыканттар гитарамен ән айтып отырғанын қалаймыз. Себебі, Дархан да кезінде арбатта ән айтып бастаған қарайым бала болған.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Дархан Джуздың әндері қазақ музыкасына мәңгілік мұра болып қалмақ. Бүгінгі кеш соның дәлелі!