Екі аптада үйленіп кеткен Zheka Fatbellу, Revue news-ке эксклюзивті сұқбат берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ еліне +1 келін! Блогерлер әлемі тағы бір сүрбойдақпен қоштасты. 27- шілдеде Zheka Fatbellу сүйіктісіне сөз салып, 5-ші тамызда некесін қидырды. Олардың танысқандарына небәрі 2 апта болған. Үш-ақ рет кездескен. Жеңістің көзі түскен бұрымдының аты – Бекзада. 2002 жылғы.

– НТК арнасында эксклюзив! Жека, қалың қалай? Үйленген қалай екен? Алдымен құттықтаймыз!

Zheka Fatbellу, блогер:

– Рақмет! Аллаға шүкір бәрі жақсы.

  • Екі аптаның ішінде үйленуге шешім қабылдау, өте батыл қадам деп ойлаймын.
  • Батыл қадам дегенде енді... Ми мен жүректі қосып, бір ортақ шешім шығарасың ғой. Батылдықта емес әңгіме. Рационалдық шешім қабылдау ғой.
  • Сенің адамың екенін қалай түсіндің?

– Кәдімгідей түсіндім. Құдайға жалындым. Құдай маған жауабын айтты ғой, болды.

Жеңіс шаңырақ көтергелі өте романтик болып кеткенін айтады. Күні кеше блогер, келіншегіне 2000 раушан тарту етіп таңғалдырды. Жека бәріне тыңғылықты дайындалғанын айтады.

– Сенің сөз салуың өте ерекше болды.

Zheka Fatbellу, блогер:

– Енді өмірде бір рет болатын нәрсе, қызға маңызды нәрсе ғой. Сол енді кішкене тырысқаным ғой.

– Үлкен той қашан?

- Құдай қаласа қыркүйекте.

– Бал айы қайда болатынын ойластырып қойдың ба?

– Жоқ, әзірге оны ойластырмадық. Бәрі тез болып жатыр. Сондықтан ол сатыға жетуге әлі үлгермедік.