12 мың орындық аренаны лық толтырған Jah Khalib-тің концертінде ең басты қонақ кім болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Алматы Арена бұрын-соңды бұлай лық толмаған еді. Мыңдаған фанаттар Jah Khalib-ты тыңдауға арнайы келген. Симфониялық оркестрмен бүгін музыкант жанды дауыста жеке ән кешін өткізіп жатыр. Соло концерт Бақтияр Мамедовтың тыңдарман алдындағы дәстүрлі түрді жасатын есеп беру кеші.

Аренада бұрын-соңды мұндай тұнық дыбыспен концерт өтпеген еді. Jah Khalib-тің командасы акустиканың сапалы болуы, сахнаның әдемі безендірілуі үшін қаржыны қысып қалмаған. Керісінше, 12 мың көрерменнің көңілінен шығуды басты назарда ұстаған.

Jah Khalib, музыкант:

- Бақтияр сіздің көргенімізге қуаныштымыз, енді жыл сайын сіз есеп беру кешін жасайсыз?

– Жыл сайын локацияны ауыстырамыз, осы уақытқа дейін Алматыдағы ауқымды локациялардың бәрін жаулап алдық. Осы жылы тыңдарман саны көп, жоспарлағандай бәрі жүзеге асып жатыр.

Соңғы жыл Баханың шығармашылығында ғана емес, жеке өмірінде де жаңалықтар жетерлік. Ганста-рэпер 1 жасар ханшайымның әкесі. Кішкентай София әкесіне шалқар шабыт сыйлауда. Мәселен, кесте тігеріне арнаған «Доча» трегі барлық музыкалық чарттарда тыңдалымы ең көп хиттар қатарында.

Jah Khalib, музыкант:

- «Доча» трегі әкелердің гимнына айналды, 93 миллион қаралым жинады ютубта, тағы да қызыңызға арналған хиттар шыға ма?

–Өмірімдегі өзгерістер шабыт сыйласа, тағы талай хит жазамын. Мүмкін балаларға арналған контенті бар бағдарламаларға қатысатын шығармын. Ұсыныстар түсіп жатыр, өзіме де тәжірбие болар еді.

- Әке атағаныңызға 1 жыл болды ғой, София өміріңізді, шығармашылыңығызды қалай өзгертті?

- Көзқарасым өзгерді. Ал, шығармашылығыма қатты әсер етті деп айта алмаймын. Қазір 1 жас 4 ай болдық. Тәтті қылықтары шығып жатыр. Қазірден мінезді.

Концерттегі басты мейман да қызы, келіншегі және анасы болды. Бахтияр бір сөзінде мұндай кешке жұбайының тұңғыш рет қатысып отырғанын айтып қалды.

Jah Khalib, музыкант:

Таяуда ғана сіздің «Панда» бейнебаяныңыз шықты, бірақ оған дейін «Лиловая» 2 жыл бұрын шыққан еді. Неге көп «пауза» болды?

– Соңғы екі жылдық Алматыда студия жасақтаумен өтті. Бұған дейін түрлі елддің тұрғыны болдым. Қазір туған жерге тұрақтадым. Осында лейбл құрдық.

Jah Khalib-тің лейблында Akha, Jaman T, Makvin сынды әртістер бар. Қарым-қатынас келесім шарт аясында ғана емес. Баха оларға тәлімгерлік те етеді.

«Панда» бейнебаянында сіздің барлық достарыңыз жүр, «кенты» дейді ғой, Сабуров болсын, Алдик болсын, барлығын қалай бір уақытта жинадыңыз?

- Нұрланды біз Мәскеуде түсіріп алдық. Алидк, Хиро, Асха және қалған жігіттердің барлығы бір ауыз сөзімді жерге тастамай келді.

Jah Khalib, музыкант:

- Ғаламторда сіздің құқық қорғау органдарымен түскен фотоңыз тарап кетті. Сондайларға қандай реакция бересіз, сізді тоқтатып суретке түскісі келетін?

– Негізі қалада адасып кетіп, полицейлерден жол нұсқап жіберуін сұраған едім. Сол сәтте суретке түсуді өтінді. Танып жатқандарына қуанып қалдым..

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- 10 жылға жуық сахнада жүрген Jah Khalib-ты күллі ТМД сүйіп тыңдайды. Музыкант Қазақстан бойынша сапарын аяқтап, шетелге аттанбақ.