Бонапарттың күйзелісі көпке созылған. Әнші өмірден өзін таппай кеткенін айтады. Қаражаттан қысылдым, көмек сұрап баратын адам болмады,-деп ағынан жарылды ол.
Bonapart, әнші:
– Карантин кезінде кішкене музыкадан көңілім қалып қалған. Тіпті күзетші болып жұмыс істеп кеткем жарты жылға. Осы Алматыда бір ломбардқа тұрып алдым да. Күзет деген формамен тұрғам. Енді квартираға аренданы хотя бы жауып отыруға ақшаны. Тіпті музыкадан көңілім кішкене қалып қойған.
– Кім қалдырды көңіліңді?
– Білмеймін енді... Музыкадан табыс, пайда болмаған соң.
Табыстың мардымды болмағаны соншалық, Бонапарттың талай трегі тек қағаз беттерінде қалған. Жарыққа шығарғым келетін, бірақ ән тұрмақ жолыма ақша таппай жүрген кездер еді,-деп еске алды ол. Бірақ бүгінде бәрі өзгерген.
Bonapart, әнші:
– Музыка жасауға жағдай болмаған соң даже уақыт болмай кетті оған. Қайттан, енді ғана музыкаға оралып, айналысып, уже бір альбом жазып тастадым.
– Релиз қашан?
– Релиз осы июльдің басында болады. 7 өлең, 7-еуі әртүрлі жанр, стильде. Өзім армандаған ең бірінші альбомым.
Шоу-бизнестегі құпия әртістердің бірі – Бонапарт. Оның жеке өмірі, өзі жайлы ақпарат аз. Бұрын жасырын жүргенді ұнататынмын, оным қате екен,-деді әнші.
Bonapart, әнші:
– Бұрын сондай подход болған шығар менде. Аса қатты түрімді көрсеткім келмей, міндетті түрде менің музыкамды жақсы көрсін деп ше адамдар. Бірақ қазір түсініп отырмын, ол дұрыс емес. Міндетті түрде клип түсіріп, түрді де көрсету керек.
– Карантинде музыкадан алыстағаныңмен, біраз шаруа тындырған сияқтысың. Оң саусағыңдағы сақинаны байқап тұрмын?
Bonapart, әнші:
– Иә, карантин кезінде болашақ әйелімді кездестіргем. Алдыңғы жылы тамызда тойымыз болды.
Бонапарт үйленгенін мойындағанымен, келіншегі жайлы ақпарат айтқысы келмеді. Тек сүйіктісінің ауыр күйзелістен алып шыққанын айтып қалды.
Bonapart, әнші:
– Әйелім арқылы қайтадан музыкаға қайттым. Қайтадан шабытымды ашты. Мен күнде күзетші мен даяшылықпен жүрген кезде айтатын: бақыт бермей жатыр ғой саған бұл жұмыс. Қайта көрсей музыканы, сенің арманың ғой, қайтадан істесей. Енді өзі көріп тұр да маған қатты ұнамайды. Күнде бір нәрсе болып.