Шавкат Рахмонов ізімен! Асу Алмабаев UFC-дағы дебютіне сақадай сай!

Сообщить о проблеме с эфиром

5 тамыз күні АҚШ-тың Тэннеси штатындағы Нэшвилл қаласында Отандасымыз Асу Алмабаевтың алғашқы айқасы өтпек. Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмоновтың ізін басып, биыл сәуір айында Асу UFC-мен келісімшартқа отырған болатын.

Асу Алмабаев, UFC файтері:

– Иә, келісімшартқа отырдық. Алла бұйыртса жекпе-жектің уақыты бәрі белгілі. Дайындық үстіндеміз. Алдағы уақытта басқа шетелде сборлар өтеді. Соған дайындалып жатырмыз. Жалпы бәрі жаман емес.

Асудың қарсыласы Ямайкалық 31 жастағы Оде Осборн. Оденің тәжірибесінде 11 жеңіс пен 5 жеңіліс. Ал Алмабаевтың 15 жеңісі, 2 жеңіліс бар. Бәрі тәжірибеге байланысты, оның жасының үлкендігі еш әсер етпейді,-дейді файтер.

Асу Алмабаев, UFC файтері:

– Жас айырмашылығы әсер етпейді. Әсер етеді: опыт кімде көбірек. Кім любительский жарысқа көп шыққан. Октагонға профиссионалды түрде кім жекпе-жекке кім шыққан, соған байланысты.

Одемен октагонға шығатыны белгілі болған күннен бастап, Асудың дайындығы күшейген. Бір айға жуық уақыт қалды, жақсы нәтиже көрсетемін деген сенімдемін,-дейді Алмабаев.

Асу Алмабаев, UFC файтері:

– Жаттығу жұмыстары әрине. Бұл біздің жұмыс қой. Азаннан кешке дейін залдамыз, жаттығудамыз.

– Қанша сағат жұмсайсыз жаттығуға?

– Күніне 2 рет, 3 реттен болады. Таңертең, прогулка, одан кейін сағат 10-да тренировка. Одан кейін кешке тренировка. Үш рет, екі рет.