«Adjare Gudju»! YouTube – тағы аудионұсқасының өзі 5 млн-ға жуық қаралым жинады. Бұдан бөлек, барлық музыкалық платформалардың тренд тағында трумфатор. Бірақ, хит тректің бейнебаяны жарыққа шықпайды. Мұны - режиссері Мәлік Зеңгір хабарлады. ИК-мен алғаш жұмыс істеген клипмейкер бұл жаңалықты инстаграм парақшасында әзілмен астарлап жеткізді.
Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:
- «Аджара Гуджу» әніне сендер бейнебаян таспаладыңдар. Бірақ бейнебаян белгілі бір себептермен шықпай қалыпты. Кім кедергі болды ?
- Сөз жоқ.Бізге айтуға болмайды кешіріңіздер иә. Бірақ қазір шешіліп жатыр енді ол мәселе. Мүмкін оны қайттан түсіретін шығармыз. Бірақ қайттан ақша кетсе олда дұрыс емес деп ойлаймыз. Жаңа Қазақстан сол иә.
Еске салсақ, ИК «Adjare Gudju» клипінің премьерасын жасаған еді. Алайда жабық көрсетілімде болған қонақтарға бейнебаян жайлы пікір айту немесе желіге жүктеуга тыйым салынған.
Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:
- 5к-дағы тақырыптар сияқты бұл бейнебаянда да өте ащы тақырыптар қозғалған деп жатады. Сонда бізде сөз еркіндігі жоқ па қалай ойлайсың ?
- Сөз еркіндігі жоқ дегенде бар. Біздің ойымызша бізде шығара салушы едік, бірақ ол жақта енді халықаралық жағдайға байланысты біз қазір оны шығара алмаймыз.
Жаңа бейнебаянның ендігі тағдыры бұлыңғыр. Бәлкім қайта түсіріледі. Болмаса, көп көзіне түспеген құпия контент ретінде қалады. Шоу бизнесте мұндай шектеу мөрі қойылған клиптер ілуде біреу. Дегенмен, жігіттер тоқтамайды. Келесі жоспар - толықметр.
Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:
- Әндерің айтюнста топ үштіктен түспей тұр. ИК-ның алдағы жаңалықтары ән, мүмкін гастрольдік тур, бейнебаян, кино ?
- Иә бейнебаян кино дайын тұр. Ирина Кайратовна туралы. Жалпы өзіміздің тобымыз жайлы. Бірақ басқа енді сценариймен, оныда да біз жаздық жарты жыл. Эпизодтары дайын тұр, қазір режиссерды таңдаудамыз.
Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:
- Ирина Кайратовна жайлы байопик болады ма әлде биография бола ма?
- Жоқ, жоқ. Ирина Кайратовна жайында байопик түсіретіндей біздің әлі сондай дәрежеміз жоқ деп ойлаймын. Сондықтан да бұл жоқ, ойдан шығарылған бір сценарий, Мықты деп ойлаймын, ол экшн. Басқа дым айта алмаймын. Иә үлкен экрандарға келесі жылы Алла қаласа түсіреміз деп ойлаймын иә.
ИК-ның гастрольдік туры мен жаңа бейнебаяны да күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселе.
Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:
- Турға дайындалу үстіндеміз. Одан басқа бейнебаян түсірейін деп жатырмыз және де сол фильмге арналған альбом да жазу керек. Сондықтан да пландар өте көп.