Ayau ғашық! Сылқым сүйген сері шоу-бизнестен болып шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Ауаu – Ayau болғалы хит күтетін тыңдарман көбейген. Осыны ескеріп, альбом жазуды бастап кетіпті және үнтаспа жұмыстарын сәтті аяқтаған.

– Shiza, M'Dee-мен коллабың бар. Тағы кімдермен дуэт, коллаб болады?

Ayau, әнші: Аяулым Құсайын:

– Нақты коллаб бола алатын бір-ақ адам бар. Ол Мади. M'Dee-мен бізде қайтадан фит шығады. Қалғанын әзірше айта алмаймын.

– Қашан шығады? Жоспарлап отырсыңдар ма?

– Иә, осы жазда Құдай қаласа біз альбом жасап жатырмыз. Сол альбомды шығаруға қазір еңбек етіп жатырмыз.

– Бір шайқайтын шумағын айтып бере аласың ба?

– Баурап алдым ба сені? Ғашық болып қалдың ба сен... Мені бір көргеннен, денең тітіркенді ме?

– Аяудан бүгін бірінші рет сұқбат алып тұрмын. Көріп тұрған шығарсыздар, бойымыздың айырмашылығын? Бойың қанша см?

– Менің бойым плюс-минус 180. Нақтысын білмеймін, өлшеген сайын жүрегім ауырады.

– Осы бойыңның салдарынан жігіттер таныса алмайтын шығар иә?

– Негізі қатты қиын деп айта алмаймын. Бар енді арасында...

– Өзіңе қандай жігіттер ұнайды?

– Өзіме: көңілді. Көңілді дегенде қатты есіріп кететін емес. Орнымен. Творчестводағы адам.

– Нақты қасиеттерімен айтқаныңа қарағанда, біреу бар сияқты көзіңнің астына алып жүрген?

– Realy?

– Yas.

– Біз білеміз ба оны?

– Білмей-ақ қойыңыздаршы, қайтесіздер.

– Қазақстан білетін сияқты ғой иә соған қарағанда?

– Иә, иә.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Аяулым ұнатқан адамын айтқысы келмеді, құпияда қалдыруды жөн санады. Дегенмен, екеуі де бір салада жүргендіктен, құпияның беті көп ұзамай ашылары анық.