Томирис тәж кие ме? Mrs.Kazakhstan Globe Альмира Тұрсын АҚШ-қа сайысқа аттанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

Альмира Тұрсын жаһан сұлуларымен сайысқа сақадай сай! Күні бүгін АҚШ-тың Калифорния штатына жол тарттты. Актриса «Жер шары ханымы» конкурсына әзірленіп, жарты жыл уақытын жұмсаған. Тіпті талай кино жобалардан бас тарттым, - дейді актриса.

Альмира Тұрсын, Mrs.Kazakhstan Globe:

Енді маған ол өте қызықты бір тәжірибе. Мен енді бір рет өмірімде сондай тәжірибе алсам жақсы сондай деп ойлаймын. Мысалы содан балаларыма, шөберелеріме сүйтіп айтататын. Содан сол шет елге барып біздің әйелдердің өнерін көрсету. Менің ойымша ол сондай енді қобалжу сондай бар кішкене, бірақ қызық деп ойлаймын.

Альмира Тұрсын былтыр қазан айында өткен еліміздегі Mrs.Kazakhstan Globe атанғына ие болған алғашқы ару. Себебі, Mrs.GLOBE шарасында Қазақстан биыл бірінші рет бақ сынайды. Еске салсақ, жоба 1996 жылдан бері 60 мемлекеттің қатысуымен өткізіліп келеді.

Альмира Тұрсын, Mrs.Kazakhstan Globe:

– Әрине біздің қыздарымыз әдемі да, ақылды да. Мысалы «Миссис Вселанная» болған конкурста қазақ қызымыз Жұлдыз жеңді. Әрине менің ойымша қазақтың қыздары ең әдемі, ең сұлу, ең ақылды деп ойлаймын. Әрине бізде үміт бар, енді құдайдың қалауымен болады.

Альмира Тұрсынның образдарына жауапты «Аруназ» брендінің негізін қалаушы, дизайнер Назым Карпыкова. Ал жобаның басты стилисті Жанна Сахариева. Жанна сондай-ақ, Альмирамен бірге конкурста бақ сынайды. Тек Mrs.Kazakhstan Classique яғни +45 санаты бойынша.

Жанна Сахариева, Mrs.Kazakhstan Classique:

– Мен стилистпін, бұл салаға келгеніме 2-3 жыл ғана уақыт болды. 42 жасымда кәсібімді ауыстырып, өзіме ұнайтын іспен айналыса бастадым. Өмірімнің мәні енді пайда болды десем де болады. Қазіргі таңда, жобаның басты стилисті атандым.

Халықаралық сұлулық сайысында +size номинациясынан үмітті – Индира Құлбаева. Mrs.Kazakhstan Curve атағы үшін жарысқа түсетін сылқым 40 жаста. Индира бәйгеде топ жаруы үшін 12 келі салмақ қосқан.

Индира Құлбаева, Mrs.Kazakhstan Curve:

– Біздің Қазақстанның әйелдеріне айтатыным, мен өзім 40 жастамын, өмірім енді басталды деп ойлаймын да, осы әйелдерге айтатыным 40 жаста өмір енді-енді басталады. Өзіңе сенсең, ең басты Аллаға, сосын өзіңе сенсең бәрі болады.

21 маусымында алғашқы туры басталады. Финалы 24 маусымға жоспарланып отыр. Сылқымдарға тікелей эфир арқылы жанкүйер болу үшін 25 долларға онлайн трансляция сатып алуға болады.

Альмира Тұрсын, Mrs.Kazakhstan Globe:

– Менің мақсатым болғаны мен тек қана Қазақстан дизайнерларымен бүйтіп жұмыс істеп, ол олардың да өнерін көрсету. Себебі мен барғанда тек қана өзім өзімді көрсетпеймін, Қазақстан елін, жерін адамдардың әйелдерін, өнерін көрсетемін.