Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бүгін Алматыда: Асха принц, Аяу, Бонапарт, Колорит сынды әртістердің қатысуымен үлкен фест өтпек! Кештің ерекшелігі – табыстың 100 пайызы өрттен зардап шеккен Абай облысына аударылмақ.
Кеш шымылдығын ашқандардың бірі – Бонапарт. Әнші соңғы 3 жылдықта көп көзінен тасада қалған еді. Бәріне депрессия кінәлі. Өзімді бір сәт жоғалтып алғандай болдым,-дейді ол.
– Алмата-Семей! Бармысың Бонапарт? Қайдасың? Көрінбей кеттің ғой?
Bonapart, әнші:
– Көрінбей кеттім. Себебі өз музыкамды, творческий путь дейді ғой... Жаңа музыканы қалай жазуға болады деп соның жолдарын іздеп, в общем бір-екі жылға музыканы тастап, басқа нәрсемен айналысып, кішкене музыкадан демалып тем более карантин болып.
«Алматы-Семейдің» орындаушысы концертте тегін өнер көрсеткен екен. Бәріне себеп қаражаттың қайырымдылыққа жұмсалуында болып шықты.
– Осыған орай гонорарыңнан бас тартқан шығарсың? Әлде бастапқыда ондай келісім болмады ма?
Bonapart, әнші:
– Ондай келісім жоқ. Барлығы благотворительная основада.
– Негізі осындай шараларға тегін шығып тұрасың ба?
– Әрине-әрине. Міндетті түрде.
– Қаншалықты жиі?
– Енді карьераның басында. Әрине адам көп тыңдаған соң, көп предложения болатын. Сол мүмкіндігінше 3-4 айда 1 благотворительный мероприятиеге барып тұратынмын.
Одан кейін кеш көркін Аяу қыздырды. Жұрт сылқымнан «Сыбырлайынды» сұрап әлек.
– Талай музыкалық кештерде хедлайнерсің. Бірақ сенен жұрт әлі «Сыбырлайынды» сұрайды иә?
Ayau, әнші:
– «Сыбырлайын» менің есімімді шығарған ән ғой. Сондықтанда халық жақсы көреді ерекше ол әнді.
– Өзің шаршамадың ба әлі?
– Кішкене шаршадым. Бірақ енді нормально.
Ары қарай Колорит сахнаны жандырды. Шығармашылығынан 4-5 трек орындады.
– Колорит бүгінгі кеште қандай әндер орындайсың?
Colorit, әнші:
– Бүгін екі жыл бұрын жарық көрген «Быстро» трегін орындаймын. Одан кейін «Ты одна» деген тиктокта тренд болған ән бар. Жалпы менің баяу, лирикалық туындыларымның басым бөлігі болады.
22 жастағы сері соңғы кезде ғашықтық дертімен ауырып жүргенге ұқсайды. Тіпті аз күнде жауапсыз махаббатына арнап ән де жазған.
– Бірнеше күн бұрын «Ангелок» трегі шықты. Өміріңде ереше орын алатын тректердің бірі иә, қателеспесем?
Colorit, әнші:
– Иә. Трек «Ангелок» шықты. И этот трек был написан искренне отдуши. Это трек про отношения.
Жоғарыда аттары аталған әртістерден бөлек: Асха принц, Даня Милохин, Абдр, Каваи өнер көрсетті.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Оркестр, жәрмеңке, цирк шоуы, 10-ға тарта танымал әртістер, 2000-ға жуық көрермен. Билет бағасы 9 мыңнан болды. Жиналған 18 млн теңге қаражат толықтай қайырымдылыққа аударылады.