Сымбат Сағындық,
- Кез келген ситуациядан орағытып өтетін, стресс конференцияны сын көрмейтін – Ұ-night шоу!
Есет Мырзағазиев, – «Ұ-night show» резиденті:
– Съемка қалай болып жатыр, түсірілім Ұ-night шоу?
– Ұ-night шоудың НТК-дағы түсірілімі өте қызық болып жатыр. Сахнада өзіміз ойнап жатқан заттарға күліп жатырмыз. Қызық болып жатыр. Қазір... Кеттім мен...
-Иә, өте қызу болып жатыр. Біз күте тұрайық.
Қазақстанның ең үздік жайдарманшылары жиналған бағдарламаның продюсері – Еркебұлан Мырзабек. «Команданы тиянақты түрде жинадық. Жігіттер өздері сценарий жазады. Өздері редактурадан өткізеді»,-дейді. Қала берді, Еркебұлан бірнеше рубрикалардың сырын ашып өтті.
Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, «Ұ-night show» продюсері:
– Ол «Ұ name» рубрикасы. Яғни белгілі бір шағын көпшілікке танымал блогерша, тиктокерша немесе актриса, жалпы танымал сұлу қызға біздің резиденттеріміз комплимент айтады және «Аз-ақ фильм» деген жаңа жоба.
– Жігіттердің бәрімен сұқбат жазсақ. Сценаристерсіңдер ғой иә? Мына бала қатты күлдіреді.
– Жанымда жобаның жүргізушілерінің бірі – Азамат. Араларыңдағы ең мықты резидент кім?
Азамат Балтабекұлы, «Ұ-night show» жобасының жүргізушісі:
– Араларыңдағы...? Азамат деген жігіт деп естідім өз басым.
-Менің сол қапталымда тұрған жігітке ұқсайды иә?
-Иә. Сол дейді, сондай дейді. Өздеріңіз қалайсыздар? Жақсысыздар ғой дә?
– Менің бір нәрсе айтқым келіп тұр. Сіздерге өте көп қойылатын сұрақ.– КВН-щиксің ғой. Күлдіртші?
– Халық қалай қабылдап жатыр сені?
Бексұлтан Піләл, «Ұ-night show» резиденті:
– Мені ма? Мен жайлап-жайлап кіріп жатырмын. Басында кіру қиын болды. Қазір жайлап-жайлап үйреніп жатырмыз. Жайлап-жайлап қанша рет айтқанымды білесің ба?
Елдар Жұмағалиев, Ұ-night шоу резиденті:
Әзілдердің миксынан құралған шоу – 16 маусымнан бастап, әр жұма, сағат 18:10-да НТК арнасынан эфирге жол тартады! Қызықтан құр қалмаңыздар!