Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
Меховая 8/1 тобының мүшесі – Қанай енді бойдақ емес! Әнші күні кеше шаңырақ көтергенін мәлімдеді. Сырға салу мен ұзату той Жетісайда өтіп, екі жас Құлсарыға жол тартқан.
Өнер иесінің таңдауы Жетісайлық 2001 жылғы Айдана есімді сұлуға түскен. Олардың таныстықтары да ерекше басталған. Ол жайлы Қанайдың өзі «РЕВЮ НЬЮС» бағдарламасына эксклюзивті түрде айтып берді. Әнші әуежайда болып, жол жүріп бара жатқандықтан сұқбатты аудио нұсқасында жаздық.
Qanay, әнші:
– Бұл қызбен мен Алланың қалауымен Меккеде таныстым. Сүннет бойынша үш рет кездестік. Біріншісі Мекке қаласында, екіншісі Мединада. Үшіншісі Алматыда. Бір ай ма, екі айдан кейін кездесіп, қолына сақина салып, үйіне жібердік қой.
– Үлкен той Құлсары қаласында 11 маусым күні өтпек. Тойға 400-ге тарта қонақ шақырылған. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр,-дейді Қанай.
Qanay, әнші:
– А тойдан кейін Алла қаласа пока енді Құлсарыда 2-3 айдай боламыз. Келіндік қызметін атқарады. После этого Алматыда болатын шығармыз. Алматыда тұрамыз. Әке-шешемді, бүткіл семьямызбен Алматы қаласына көшеміз ба деп отырмыз.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
Қанай бірнеше айдан кейін әулетімен бірге Алматыға қоныс аудармақ. Естеріңізге сала кетейін, әнші алып шаһардан үлкен үй алғанын мәлімдеген еді.