Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:
– Әлішер Кәрімовтың есімі көпке белгілі болғанымен, ел алдына шығуы сиреді. Бүгін Алматыдағы шағып сахналардың бірінде кешін өткізіп жатыр. Аудиториясы көп емес. Ол туралы актуалды жаңалықтар көбіне пластикалық ота жасатқанда не ориентациясына ғана қатысты шығып жатады. Ал әншінің өнері ше?
Соңғы кезде көп көзінен тасада жүруін әнші, еңбек демалысымен түсіндірді. Тыным таппай жұмыс істеген екен. Сондықтан өзіне әбден қыдыруға рұқсат етіпті.
– Екі апталық демалыстан келген екенсіз. Қайда бардыңыз? Қалай демалдыңыз?
Алишер Каримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Бірнеше елді араладық. Кемемен. Өткен 4 жылда бірінші демалысым. 4 жыл ешқайда барған емеспін. Достарыма айтсам ешкім сенбейді: Қойшы, сен барған жоқсың ба?,-дейді. Шыныменен. Былай жұмыспен, гострольмен басқа елдерге бардық. Ал былай толықтай екі апта демалысқа арнап, осы 4 жылда бірінші рет.
Алишердің ориентациясының айналасында да әңгіме көп. Оған күмән келтіретіндер де аз емес. Тіпті еліміздегі бірнеше сайттар, ол туралы ашық түрде мақала да жариялаған болатын.
– Сіз жайлы мақала жариялаған екен. 2018 жылы. Сіздің ориентацияңызға қатысты. Ақпаратты тексермей, сізге жала жабатын сайттарға қандай да бір заңды тұрғыда шара қолданасыз ба? Қолдандыңыз ба негізі?
Алишер Каримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Танымал адамның артында неше түрлі сөздер болады. Өсек болады. Ешқашан да мән берген емеспін. Осы сөздерді жазған адамдар надан адам деп ойлаймын. Олар ойламайды мысалыға менің әке-шешем үлкен кісілер. Оқып қояды деп. Олар ойламайды ертең сенің де ұлың танымал әнші болуы мүмкін, жылтыр костюмдермен, блеферопластика жасап. Өзің де ойлаған жоқсың ба егер сондай болып қалса? Ол қайтар дүние дейді ғой. Бәрібір қайтады ол. Балаларына ма, басқа. Карма әрине, соған сенем мен.
Ел басқа дүниеге елеңдеп жүр-ау,-деген Әлішер сүйіктім бар деп меңзегендей болды. Бірақ әншінің жүрегін жаулаған ару туралы ақпарат біле алмадық. Той туралы өзі былай деді:
– Бұл сұрақты сізге бәрі қоятын сияқты. Той қашан?
Алишер Каримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Құдай қаласа. Қазақтың тойы бітпесін. Қазір сезон басталды. Қазақстан халқының тойларын өткізіп, Құдай қаласа бәлкім кірісерміз Алишер Каримовтың тойына.
Кәрімовтың шығармашылығы бір орында тұрған жоқ. Ол тойға арнап бүтіндей бір үнтаспа жазып шығыпты. «Мерекелерге жиі барамыз. Бұрынғы хиттарымды айта бермеймін ғой. Жаңашылдық керек»,-дейді ол.
– Альбом, клип қашан болады?
Алишер Каримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Жақында ғана альбом шықты. Көп өнер адамдары да, көрермендерім де таңғалды. «Алишер неге той ән жинағын шығарды?»,-деп. Енді тойда көп жүреміз. Оны жасырмаймын. Бізде 15, 17 үлкен қала. Оны аралайсың да, не істейсің? Бір айдың ішінде аралайсың да, 11 ай отырасың ба? Әрине тойға шығамыз. Сондықтан халықтың көңілін көтеру үшін осындай той ән жинағын жарыққа шығардық.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:
– Соңғы кезде сахнаны емес, саяхаттауды мықтап қолға алған Әлішер, тыңдармандарымды тың туындымен әлі талай қуантамын дейді. Сосын: «Алып-қашпа әңгімелерді доғарыңдар. Үлкен тойдың ауылы алыс емес»,-деп қызықтырып қойды.