Еламан Есентаев өзін қағып, қолын сындырған көлік жүргізушісіне қандай шара қолданды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Еламан таксиден түсіп, түсірілім алаңына қарай беттеген. Бірақ жетіп үлгермейді. Себебі өзі мініп келген көліктің иесі байқамай соғып кеткен.

Қазіргі таңда актердың жағдайы қалыпты.

– Қолыңа не болған?

Еламан Есентаев, актер:

– Машина қағып кетті. Съемкада жүрген кезімде. «Батыр из прошлого» проектінде жүрген кезімде машина қағып кетті.

– Сынды ма?

– Иә. Сынды. Кисть сынды. Сосын екі саусақ сынды.

Еламан қолын сындырғаннан кейін ауруханада бір күн де жатпаған. Себебі сол кезде өзі түсіп жатқан киносының түсірілімі тоқтап қалатын болған. Гипсты екі аптадан кейін шеше алады екен. Бір қызығы актер, жазықты жүргізушіге ешқандай шара қолданбаған. Құзырлы орган қызметкерлеріне арызданбаған. Себебін өзі былай түсіндірді?

– Сені қаққан көлік иесіне арыздандың ба?

– Жоқ, оны өзінің жолымен жүре берсін дедім.

– Қала шештіңдер?

– Бірден жібердім. Ешқалай шешпедік. Ештеңесін алмадым. Құдайдан қайтсын деп жібере салдым.