Қаламақысы да, сценарийі де отағасының көңілінен шыққан болуы керек «Менің үйім қайда» картинасында Жұлдыз басты рөлде!
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Арада апта өтпей кезекті фильмнің түсірілім басталып, тарелке сындырылып жатады! Біздің киноөндірісте толықметр көбейді! Біз қазір келген түсірілім алаңы да кезекті әлеуметтік драманың бастауы! Рөлдерде: Жан Байжанбаев, Жұлдыз Өмірғали, Лаура Мырзахмет, Қажет Смағұлов! Бұл лентаның айтары не? Дәл қазір анықтаймыз!
Бұл кезекті комедия! Кинолентаның сюжет желісі алаяқтарға алданған үш түрлі отбасының бір үйге таласуынан бастау алмақ.
Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:
-Дәл қазір менің жанымда «Менің үйім қайда?» басты кейіпкерлерінің бірі - Жұлдыз Өмірғали тұр. Фильмдегі кейіпкеріңіз кім болады?
-Шәмшия есімді Шымкент қаласынан келген келін. Қалай айтсам екен, енді өзінше бір мінезі бар, еркекшора қыздың бірі. Сол жолдасымен бірге осы үйді өз еншісінде қалдыруға барын салатын қыз ғой.
-Соңғы кездері басты рөлдерде ойнап жүрсің үлкен туындыларда. Соған орай гонарарыңызда өсіп жатқан шығар.
-Иә өсіп жатыр.
-Қаншалықты өседі. Өзіңіз ставкаңызды мысалыға айтады ғой, уақыт өте келе, оптықа қарай өсіремін деп?
-Жалпы бүкіл ақша жағын, сол қаражат жағын менде көбінесе Айқын өзі шешеді. Сөйлеседі және де сол рұқсатын берсе, егер оның айтқанымен продюсерлар келісетін болса, мен сол фильм болсын, телехикая болсын сол жаққа түсемін.
-Сонда Айқын сіздің продюсеріңіз?
-Иә солай айтсақ та болады.
-Ал өзіңіздің еңбек ақыңызды өзіңіз аласыз ба әлде отбасылық қоржынға кетеді ма?
-Шынымды айтсам бәрін отбасыға құртамыз. Енді отбасы болғаннан кейін сол баланың өзі қамын ойлайсың. Өзімнің кейбіріне, кейбір мұқтаж емес но былай көңіліме көңіл - күйімді көтеретін заттарға бөлемін.
Руслан Тай, стендапер:
-Қателеспесем Жұлдыз Өмірғалидың күйеуін сомдайсыз?
-Қателеспесеңіз иә. Иә Жұлдыз иә.
-Ал арадағы коннект қалай пайда болды ? Қалай жүзеге асты?
-Арамыздағы коннект біртіндеп пайда болды ғой, басынан бастап. Читкаға келген кезде «саламатсыз ба, амансыздар ма» деп жүріп, кейін уақыт өте жайлап «о сәлем, привет» деп үйреніп кеттік.
-Айқын мырза, қызғанбайды деп ойлайсыз ба?
-Айқын мырзаны білмеймін, менің келіншегім жаман қызғанады.Өнер болғаннан кейін оның барлығы болады. Енді құшақтап, сүйісіп жатқан жоқпыз ғой бастысы. Айқын ренжімейді деп ойлаймын.
Фильмде сондай-ақ, «Бизнес по-казахски» франшизасының жұлдызы Қажет Смағұлов та бар. Туындыда оның жарын Лаура Мырзахмет сомдайды. Баян Алагөзованың авторлық жобасы «Бақыт» фильмінен кейін Лаураның бұл алғашқы комедиясы.
Лаура Мырзахмет, актриса:
-Соңғы рет «Бақыт» фильмінің презентациясында көрген едім сізді. Мына жобаға қайдан тап болдыңыз, қалай тап болдыңыз?
-Енді кастинг директоры шақырды. Кастинг директоры Дастан өзі шақырып, хабарласып пробасыз бірден осы жобаға шақырды.
-Сізді Бақыт фильмінен көптеген көрермендер тани бастады, өзіңіздің аудиторияңыз кеңейді ма одан кейін?
-Кеңейді иә, әрине кеңейді. Көшеде кетіп бара жатсаң, тіпті балаларға дейін тоқтатып алады. Сіз сол актриса емессіз ба деп ?
-Сізге актриса ретінде сол кезде көзқарасы қандай болды. Жаны ашып болады ғой сіздің кейіпкеріңізге деген?
-Әйелдер қауымы кішкене солай қарайды, жаны ашып қарайды. Ал енді балалар ол, ер адамдар балалар олай назар аударып жатқан жоқ. «Жақсы алып шыққансыз, жақсы ойнағансыз» дейді көбінде.
Кәсіби актерлар, стендаперлер және блогерлер. Түрлі саладағы жұлдыздардың басын қосқан фильмде желіде ауқымды аудиториясы бар Шахризада да түсірілім алаңынан табылды.
Shahrizada, блогер:
-Шахризада сәлем. Енді сенің алғашқы толықметрің ғой.
-Иә бұл алғашқы толықметрлық фильм.
-Соңғы кездері блогерларды үлкен ауқымды аудиториясы үшін маркетинг жағынан үлкен фильмге шақырып жатады. Соған көзқарасың?
-Мен бұл жақта тек қана мен, бірақ бұнда тек блогер болғаннан кейін шақырды деп ойламаймын. Типаж пен өнеріме қарап шақырды деп ойлаймын.
-Кімді ойнайсың фильмде?
-Бұнда оқиға үш отбасы жайында, және Жан ағайдың қызы болып ойнаймын. Біздің семья жайында айтсақ более сондай интелегентной ақылды серезный орыстанған отбасы.
Жан Байжанбаев, актер:
-Комедия тым көбейіп кеткен жоқ па қалай ойлайсыз?
- Бәрінің айтатыны сол, комедияның көбейгені туралы. Менің ойымша, комедияны жақсы көретін, келетін көрермен бар болғаннан кейін бұл жанр дами береді. Себебі сұраныс жоқ емес бар.