Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Өз ойын музыка арқылы еркін білдіріп, қазақша контенттің дамуына өз үлесін қосып жүрген музыканттардың бірі – ARShAT. Инди-рок бағытында соңғы жылдары сұранысқа ие болған музыканттың бүгін жеке ән кеші. Концертте бір-де бір бос орын жоқ, аншлаг.
ARShAT, музыкант:
- Бұл акустикалық кеш, бұл жақта гитарамен өзімнің әлі шықпаған өлеңдер мен до этого шыққан өлеңдерімді бірге орындап жатырмын. Бұл жақта бэнд жоқ.
Оны көпшілік – қазақтың Элджейіне теңейді. Музыкасын түсіну де өте қиын. Себебі, Аршат философиялық тректер жазады. Аршат Хайролла – 15 жасында Ақтөбенің Ойыл қаласынан арман қуып Алматыға келген-ді. Өнерпаз сахнада талайдан жүрсе де, тыңдарманын енді тапты.
ARShAT, музыкант:
- Қазақша контентке, қазақ музыкасына жаңаша бір бағыт, дем алып келген өнерпаздардың бірісіз...
- Өзімді мақтағым келіп тұрған жоқ, жай қазақтың сөздері ғой. Қазір көбісі жаңағыдай орыс тіліне, ағылшын тіліне құштар болғандықтан кейбір қазақтың сөздері ұмтылып бара жатыр. Соны бір жаңартып, қайтадан трекке қосып жүрміз.
- Аз да болса да өзіңіздің аудиторияңыз қалыптасып келе жатыр. Сол аудиторияны көбейту үшін не істеп жатырсыз?
- Менің инструментім ол – музыка. Тек музыка арқылы өзімнің тыңдармандарымның санын көбейте аламын. Сол себептен біз альбомнан кейін альбом дайындап, қазіргі таңда 4 альбом дайындап қойдық.
Аршаттың әндері бүгінде талай отандық туындының саудтрегіне айналған. Мәселен, «Умри или вспомни», «Хотя бы кинода 2» фильмдері мен «Бажа» веб-сериалында музыканттың композициялары орындалады.
ARShAT, музыкант:
- Көп тыңдармандар әндеріңізді білгенімен түріңізді білмеуі мүмкін. Бейнебаян таспалап, өзіңіздің бейнеңізді брендке айналдыру жоспарда жоқ па?
- Жоспарда бар, бірақ әзірге айтады ғой, күшті бір сөз бар:
«Цель творчества - самоотдача,
А не шумиха, не успех.
Позорно, ничего не знача,
Быть притчей на устах у всех.» , - дейді. Сол себептен біз әзірге өзіміздің сапамызға жұмыс жасап жатырмыз.
Аршат бүгінде «Төбе» шығармашылық бірлестігінің резиденті. Өнерпаз дәл осы алаң арқылы 90-ға жуық әнін таратып, шығармашылығын шыңдап жүр. Ал, Төбенің көркемдік жетекшісі – актриса Алмагүл Сағындық.
Алмагүл Сағындық, кино және театр актриасы:
- Аршаттың фанатысыз ба?
- Әрине, мен ең алғашқы фанатымын.Біз 15 жасымыздан біргеміз ғой. Қанша уақыт екенін айта алмаймын. Кей кездері, мысалы көзсіз фанатымын деп айта алмаймын. Кейбір әндері ұнамай жатса, айтам.
- Яғни, Аршаттың музыкант ретінде қалыптасу барысында сіз куәгер болдыңыз. Қиындықтарын көрдіңіз. «Взлет и падение» дейді ғой. Сол туралы айтып беріңізші.
- Бола ма?
- Кейінгі кездерде қолын бір сілтеп кеткен кездер болды ма? Мен музыкант болмаймын, шаршадым деген сияқты.
- Әрине, ол ай сайын боп тұрады. Және ол қалыпты үдеріс деп ойлаймын. Егер ондай процесс болмаса әрі қарай өрбу болмайды. Айтады ғой «искусство через острое страдание», - деп. Аршаттың жалпы өнер жолында бірден бола қойған жоқ. Жаңа өзіңіз де айтып жатырсыз ғой неге үлкен аудитория жоқ деген сияқты. Мүмкін осы жағынан ойланамын мақсат басқа болғаннан кейін шығар.
- Көркемдік жетекші ретінде Аршаттың шығармашылығын шыңдау үшін не істеп жатсыз? Клип түсіріп бердіңіз
Алмагүл Сағындық, кино және театр актриасы:
- Аршаттың жасап жатқан өнерін жаңағыдай көркемдеп, ұштап, соны халыққа жеткізу. Себебі, бәрібір де өнер адамы өнерін жасайды, қалған нәрселер. Оның ой өрісі басқа ғой, шығармашылық өрісі бар. Сондықтан сол жағынан барынша көмектесуге тырысамыз.
Аршаттың жеке кешінде «Төбелік» Қуанышбек Нұрғазы да өнер көрсетті. Еске салсақ, қос музыканттың «Балға мен шеге» атты ортақ коллаборациялары бар.
Қуанышбек Нұрғазы, музыкант:
- Қазір біз «Үдеріс» деген толық альбом жазып жатырмыз, ол жақта 8 трек бір скит, жалпы 9 ән болады.
- «Скит» деп жатырсыз, ол қандай сонда?
- Скит дегеніміз ол – әңгіме қысқаша әңгімелер. Өзіміздің ортамызда болған, немесе қалай бір жазу процесінде барысында болған әңгілемелерді альбомға ішіне араластырып, қызық болу үшін толық бір қараған кезде бір фильм қарағандай, бір картина елестейтіндей.
Сондай-ақ, 9-маусым күні «Төбе» шығармашылық бірлестігі жанды дауыста, бэндпен алғашқы үлкен концертін жоспарлап отыр.
ARShAT, музыкант:
- Музыкант ретінде өзіңіздің мақсатыңыз қандай?
- Кейінгі ұрпақ ұялмайтындай мұра қалдыру.