Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Бұл тойға журналистер арасында шақырту алған жалғыз мен! Яғни, REVUE NEWS бағдарламасының түсірілім тобына ғана осы жабық кештің куәгері болуға рұқсат берілді! Бүгін Жаһан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың үйлену тойындамыз! Дресс код - 80-ші жылдардағы стиль!
Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:
- Дәл қазәр менің жанымда күйеу жігіт...
-Тамада?
-Жоқ, бүгін бір қатқан күйеужігіт болып тұрсыз. Той құтты болсын!
-Рақмет көп-көп.
- Не себепті бүгін жасауға шешім қабылдадыңыздар?
- Тіпті уақыт жоқ болып кетті. Біздер басында үйленген кезде үйімізді бітіріп алайық деп, одан кейін кино түсіріп бастадық, үйімізді сатайық, одан кейін үй алайық жаңа үй, сосын жасайық.
- Осындай міне палатка құрып қойдық, 90-80-інші жылғы стильдегі той болайын деп жатыр.
- Енді әрі қарай, мен сіздермен таныстырайын...мін жерде күшті күшті нәрселер бар....
- Мынау шағын фрушет. Ол баяғы ескі кездегі тәттілер
- Мынаның бәрін қайдан тауып алғансыз?
- Іздесең табады екенсің.
- Мына жақта «бракосочетание» деп айтады иә, көрейік...
- Біздер заңды некеге қидырмағанбыз.
- Әлі күнге дейін?
- Әлі күнге дейін бізде ЗАГС жоқ. Мен шынымды айтам осы күнге дейін Балжаннан қатты ұялып жүрдім.
- Заңды түрде некеміз қазір міне...мына жерде қиылады.
Балжан Бидаш, әнші:
- Бір қызығы қалай осы жылдар бойы заңсыз некеде өмір сүрдіңіз?
- Ол ешқандай ешкім кедергі бермейді, біз тіпті оны ойламағанбыз. Сондықтан ұмытып кеткенбіз ғой.
Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:
- Бұл жерде енді кішкене заманауи болады. Сосын ары қарай біз 90 жылдарға қарай кетеміз.
- Қос ғашық, Жахан мырға мен Балжан ханымды қарсы алайық! Қошеметтеп, жар - жар!
Балжан Бидаш, әнші:
- Негізінде қалыңдықтар образына уайымдап жүретін болса, мен деген ана салат дәмді болды ма екен, стакан орнына қойылды ма екен, десерт келді ма екен деп бәрін солай уайымдап жүрмін ғой.
- Оған бір себеп сіз жаңадан түскен келін емессіз ғой. Сіздің тәжірбиеңіз бар.
- Иә сондықтан жауапкершілік өзімізде қазір.
- Біздің есімізде, сіз келін болып түскен кезде үй бітпеген, қара сылақпен, тіпті ас бөлме болмады, соның бәріне сіз қалай шыдадыңыз?
- Көп қыздар ойлайды негізі проблемадан қашып, күйеуге тисем барлық проблемадан арыламын деп ойлайды иә көбісі, негізінде проблеманың бәрі тұрмысқа шыққаннан кейін басталады. Өйткені сен үлкен өмірге қадам аттайсың.
- Балжан келін болғалы өмірінде не өзгерді?
- Мен бұрыңғыдай шығармашылықпен белсенді айналыспаймын, көбінесе қазір от анасымын.
Жахан мен Балжанның тойында бас құдағи - Баян Алагөзова! Балжанның экс- продюсері күйеуі Тұрсын Алагөзовпен салтанатты шараны ашты!
Жахан бұл кешке тек өнердегі және өмірдегі жақын достарын ғана шақырған. Тіпті, анасы да тойға келмеді. Есесіне, Жаһанның бал күнгі досы құны - 30 миллион теңгелік сәйгүлік тарту етті.
Қабдол Тілеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
- Аз ғана қонақтың ішінен, сен де жүрсің жұлдыздар арасында, бұл көптке берілмеген мүмкіндік сияқты.
- Жахан ағамыз ғой енді Оралдікі, баяғыдан келе жатқан, інілеріміз.
- 80-ші жылдадың дресс-коды осы ғой?
- Иә осы, барыншы киініп келдік, өімірімізде бірінші рет дресс-код болып шығып тұрмын.
Ернар Сакупов, актер:
- Дресс-код қатты ұстанған сияқтысыз?
- Аяғым осылай болады..
- Жалаң аяқ?
- Шынымен де жалаң аяқ.
- Тойда жалаң аяқ жүрген адамдар да болды негізі, ол кезде бәріміз жалаң аяқ болдық қой.
- Қателеспесем, сіз Жаханның жақын достарының бірісіз, өнерде де өмірде де, бұрың екеуіңіздің коннектіңіз керемет болатын. Қазір кішкене бәсеңсіп қалған сияқты?
- Мен Атырауда, Жахан Алматыда, екеуміз екі жақтамыз ғой.
Ақболат Өтебай, актер, продюсер:
- Бүгін тойда қызметтесіз ба әлде қонақсыз ба?
- Негізі қызметте де қонақта да бола береміз ғой. Қонақ қылып шақырды енді. Қонақ болып отырып алу да ыңғайсыз, анау-мынау жұмсап жіберген жерде намыстабаймыз.
- Жахан мен Балжанға не тілейсіз?
- Бақыт тілеймін, ойлаған арман мақсаттарының барлығы орындалсын. Ойламағандары да орындалып кетсін.
Қабдол Тілеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
- Бар жақсылықты тілеймін, бақытты болыңыздар, аман болыңыздар, осылай жарқырап, жайнап жүре беріңіздер.
Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:
- Тағы бір қуанышты жаңалық сіздер үлкен үйлі болдыңыздар.
- Бұл үй енді қымбатқа алдық енді, өйткені қаланың орталығында, террасасымен деген сияқты. Бағасын айтпай-ақ қояйын, ұят болады.
Балжан Бидаш, әнші:
- Бесік тойда қашан кездесеміз?
- «Селтеңдеп жүре бермей сендер бала тусаңдаршы деген әңгіме айтады» да. Мен оқимын да таңқаламын, адамдар қалай осындай әңгіме жазады деп. Енді Алла бұйыртқан күні болады.