Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– 2000-шы жылдардың атмосферасы. Шоу-бизнестің қаймақтары мен сәнқой селебрети жиналған кеш - Say Mo-ның туған күні.
60-қа тарта танымал жиналған тусовка. Say Mo 26-ға толып жатыр. Әркез эпатаждан бір елі ажырамайтын Моля, бұл жолы да дәстүрін бұзбаған. Банданадан көйлек тігіп киген.
– Аутфитыңа тоқталайықшы. Мынау деген сұмдық қой енді. Түсіндірші бізге? Миым жетпей жатыр менің?
Say Mo, рэп орындаушы:
– Негізі мен Алматыдағы банданалардың бәрін теріп алдым. Менің үстімде 15 штук бандана. Соны маған Татьяна деген кереметтей дизайнер жасап берген болатын.
-Қанша уақытта?
-Екі күнде жасадық. Мына пати вечеринканың бәрін 5 күн шамасында жасап бітірдік.
-Қанша кетті?
-Где-то 3 миллиондай кеткен шығар.
– Образға қанша кетті?
-Образға 15 мың теңге кетті.
Моля туған күніне тыңғылықты дайындалған. Тіпті өзіне керекті тізбектеген wish list те жасап шыққан.
– Список желаниида не не нәрселер болды? Айтайықшы?
Say Mo, рэп орындаушы:
– Ең арзан нәрсе ол карандаш ұштайтын тачилка. 200 теңге тұрады. Шын айтам менің уақытым жоқ соны алуға.
– Туған күннің қадірлі қонақтары қасымда тұр. Сей Моны қай уақыттан бері танисыңдар?
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
– Сэй Моны 2019 жылдан бастап. Ең бірінші «Песни на ТНТ-ға» шыққан кезде поддержка беріп сөйтіп жаздым. Одан кейін 2020 бері жақсы араласып кеттік та.
-Сен ше Разия?
Разия Кузиева, блогер:
– Мен өзім 2019-да Сей Моны бірінші рет көрдім. Ну она мне очень нравилась. Но мы официально познакомились 2021-де.
– Бүгін не алып келдіңдер?
– Мен Моляға... Моля сумканы жақсы көреді. Майкл корстың сумкасын бердім және Япониядан менде кішігірім сыйлық болды.
– Сен ше?
– У меня не бренд. У меня то что она хотела короче. Оны хотела себе витамины такие – коллаген. И хотела еще кисточки, что бы делать макияж.
– Біз негізі Сей Модан интервью алып үлгеріп қалып жатырмыз. Бірнеше күннен кейін ол Тайландқа жол жүреді. Карди Бидің концертіне барады представляете?! Сол туралы толығырақ?
Say Mo, рэп орындаушы:
– Вторник күні кетем. Құдай бұйыртса Тайландқа барам. Дос Усабаев деген досымыз екеуіміз бірге. 02:47 – Сол кісімен бірге дальше тойлауға барамыз. Бүгін көріп отырғандарыңыздай ол кісі жоқ. Себебі ол Америкада. Ол Америкадан Тайландқа келеді. Сөйтіп бұйыртса: Карди Би, Крис Браун, Трэвис Скотт деген ағаларымыздың концертіне барамыз.
- Ағаларымыз деп қазақиландырып жібергені ше?
- Карди Би апаларымыз.
- Апалары бар арасында.
– Айым осы туған күнге қатты дайындалғандардың бірі иә? Қанша күн дайындалдың? Образың туралы айтсаң?
Айым Сейітмет, актриса:
– Шынымды айтсам 1-ақ күн дайындалдым. Кеше күні бойы подарок іздедім. Күні бойы өзіме образ іздедім. Тапқан сияқтымын.
– Бір қызық оқиға есіңде ма Мөлдірмен? Айтып берші?
– Өте көп қызық оқиға. Но это не для ваших ушей деп па?
– Бүгін Ганвест келе ма?
Say Mo, рэп орындаушы:
– Ганвест ол деген Қазақстанда емес. Ганвест на рахате. Эй, қойшы ееее. Ганвест на рахате
– Екеуіңнің кинотеатрда, жалпы қыдырып жүргендерің тарап кетті да. Жалпы бұл хайп па? Әлде скоро новый фит па?/
– Айып қой десең иә. Нет, кино көруге болмай ма?
-Жоқ енді қатты тарап кетті ғой не реально?
-Кино көргенде, тарап кетсе, енді сондай болып қалды да... Тарамаса, бәрібір де біз баратын едік та сол киноға. Күшті кино болды.
-Не кино көрдіңдер?
-Телеграмнан көресіңдер...
-Продолжение в телеграме.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
Сонымен Сей Моны құттықтап келген жұлдыздардың санында шек жоқ. Сыйлықтар да аста-төк. Осымен рэп ханшаймының тусасы да тәмәм.