Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
Коко Жамбо ұсынады! Көптің көшінен қалмай кинопродюсерлер қатарына енді – Жанболат Найзабеков те қосылды! Біз қазір дәл сол картинаның түсірілім алаңына келдік. Неге кино түсіру трендке айналып кетті? Анықтап көрейік!
Жанболат Найзабеков, әзілкеш, актер:
- Жанболат, қайырлы күн! Жаңа бастамаңызбен құттықтаймын. Енді продюсерлікке бет бұру идеясы қайдан пайда болды?
-Бірінші киномыз енді ойнадық Төреғалидың киносында ойнадық, одан кейін кеше Жұлдыз Абдукаримованың «ажырасамын» деген киносында линейний продюсер болғам. *Содан ойланып өзіміз неге кино түсірмеске,өзімнің кином неге жарыққа шықпасқа деген ой түйіп, ниет қылып сомен басталған болатын.
- Өзіңіздің өнердегі досыңыз, әріптесіңіз Жахан үйін сатты, өткенде Рамазан түсіріп жатыр, қарызға ақша алдым дейді. Сіз не істедіңіз?
- Білмеймін,ондай рискке бара қойған жоқпын енді біздер. Өзі бір оңынан туып кетті барлығы. Білмеймін енді бастама жаман басталған жоқ. Мүмкін арт жағынан бүйрегімізді сатып жібермесек болды әйтеуір.
- Фильм романтическая комедия деп жатыр. Неге романтикалық комедия?
- Менің актерский ойыным бұл жолы басқа қырынан иа, бұрынғы Жанболат емес, басқа Жанболатты көресіздер.
Отбасылық құндылықтарды ұлықтайтын «Coco-Janbo» деп аталған туындының режиссері Ернар Нұрғалиев. Басты рөлдерде, Жанболат Найзабеков пен Салтанат Серкебаева. Олар ғашықтарды сомдайды.
Жанболат Найзабеков, әзілкеш, актер:
-«COCO-JANBO» деп неге атадыңыздар? Ол сіздің аудиторияңызды жинаудың бір әдісі болды ма?
- Көрермендерім болсын 80-90 проценті Коко Джанбо деп біледі. Және де кинода қызды үйіндегілер «Коко» деп еркелетеді. Ал кинодағы менің атым – «Джанбо».
Салтанат Серкебаева, актриса:
- Дәл қазір менің жанымда «Томиристің» жас кезін ойнайтын актриса Салтанат тұр. Көрермендерге «Томирис» патшайымның образымен көбіне танылған. Сәлем. Сені тағы да кезекті алаңда көргеніме қуаныштымын. Өте жақсы. Тарихи фильмнен кейін бірден комедия. Айырмашылық қалай болып жатыр?
- Бұл жобадағы менің рөлім жаңағы тарихи фильмдердегі образдардан бөлек, драммадан бөлек. Вообще табиғаты ерекше қыз болды да.
- Енді Салтанатты біз білеміз «Назар» тобында ән айтқансыз. Әншілігіңіз не боп жатыр?
- Әншілік әзірге кішкене тоқтап тұр. Себебі, киноларға түсіп жатырмын ғой. Осы кинолар, жобаларға түсіп болғаннан кейін өзімнің жеке әндерімді жазамын.
Жанболат Найзабековтің тырнақалды туындысының бюджеті аса үлкен емес. Барынша үнемдеуге тырысып бағуда. Оның үстіне, актердің әріптестері қаражат жағынан қолдау білдірген. Тіпті түсірілім алаңында да Жанбоның достары жүр.
QANAY, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
-Коко-Джанба, сык-сык спайт ағамның киносына тарелка сындыруға поддержка беруге келдім вообщем.
-Қанай, қалай ойлайсың, соңғы кездері барлық шоу бизнес өкілдері кинопродюсер атанып жатыр. Бұл тренд немен байланысты деп ойлайсың?
-Ақша бәрі сол жақта, жақсы естіп жатырқ қой енді. Ақшаның бәрі сол жақта біріншіден. Екіншіден Қазақстан киноиндустриясын дамыту керек.
- Қателеспесем, сендердің де фильм түсіру жоспарларыңда бар. Иә?
-Иә, жалпы қазір біздер данный момент осы недавно «Маған назар аудар» главный продюсері Ақболат Өтебаевтың қолдауымен үлкен бір команда жиналды. Пока демо версия аты бар «Кереге» деген.
- Мақсат?
- Мақсатымыз кино түсіру. Үлкен концерт, гастрольдер, вообщем бір юморический команда ғой вообщем.
- Ал алғашқы фильмдерің қандай болуы мүмкін? Комедия?
-Ол сөзсіз комедия. Өйткені біз өзіміз әзілқой квншик болғаннан кейін бірінші сол комедиядан бастағымыз кеп тұр.
-Білесің, продюсерлер өздері фильмдерінде басты рөлде ойнайды. Сендер өздерің ойнайсыңдар ма?
-Ол сөзсіз иа. Құттай бір не айтып кетейін. Не қыл дейтін еді, жаңалық айтып кетейін. Сол басты рөлде «Меховая 8\1» болады.
Жанболат Найзабеков, әзілкеш, актер:
-Соңғы кездері өзіңіздің әріптестеріңіздің барлығы жаппай продюсер атанып жатыр. Бұл тренд немен байланысты деп ойлайсыз?
-Енді көпке топырақ шаша алмаймыз. Бірақ дей тұрғанмен де оқығаны да, оқымағаны да продюсер боп жатыр ғой қазір. Меніңше, солар бір мотивация беріп жатқан сияқты. Бір- бірінен қалмай , осы бір нәрсені жасап қалсақ деген дүниемен.
Жанболат Найзабеков картианының тұсауын 2023 жылдың күзінде кеспек.