Миллиардтан асты! Нұрлан Қоянбаев кассалық рекордын жаңартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- «I go to school»! Хитке айналған фраза Еркоштың жұлдызын жақты десе де болады. Енді бұл тіркес толықметрлі фильмнің атауына айналып отыр.

«Еркоштың бастан кешкен хикаясы!» Нұрлан Қоябаев «Бизнес по-казахски» фильмінің кейіпкері Рамазан Амантайға арнап спин-офф таспалады. «Қазақша бизнес Түркияда» лентасының жалғасы болып саналатын туынды романтикалық комедия жанрында.

- Бүгінгі кештің басты жұлдызы – Рамазан Амантай, яғни Еркош. Нұрлан Қоянбаев Еркошқа фильм таспалаймыз дегенде қандай әсерде болдың?

Рамазан Амантай, актер:

- Өте тамаша әсерде болдым. Өйткені, Қазақстанның киносының алды болып келе жатқан продюсерден ондай ұсыныс алу кез-келген актердің арманы.

- Кезінде Нұрлан мырза паспортымды тартып алды деп айтқан едің, сол рас па?

- Рас десең, иә... Жоқ, маған осы продакшнмен жұмыс істеген ұнайды, киноларға талғап түскенді ұнатамын.

- Ұсыныстар жиі түсе ме?

- Ұсыныстар жиі түседі, бірақ соның барлығын талғап, ағамен ақылдасып, солай жұмыс істейміз.

- Болливуд жұлдызы Авика Гормен бірге бой көрсеттің, тәжірбие алмастың ба?

- Араға 11 жыл салып, сол «Келін» хикаясының бас актрисасы Авикамен бірге бір сахналас болдық. Ол бір анандай бір сезім болды, бала күнгі таныс секілді және менің құрдасым екен, 98-ші жылғы, сол құрдасымнан көп нәрсе үйрендік.

- «Бизнес по-казахски» фильмінің алғашқы бөлімінен бастап, гонорарың өскен шығар?

- Иә, иә өсті.

Үнді биі және болливуд жұлдызынан автограф! Нұрлан Қоянбаев «I go to school» фильмінің премьерасына Авика Горды Қазақстанға арнайы шақырған. Сондай-ақ, жабық көрсетелімге келген көрерменге Анандимен фотоға түсіп, тілдесу мүмкіндігі туды.

Авика Гор, актриса:

Бұл менің Қазақстанға үшінші мәрте келуім. Маған өте ыстық өлке. Себебі, көрермендер мені сүйеді және де дәл осы елдің үлкен киносына түскеніме мақтанамын. Нұрлан мырзамен және түсірілім командасымен тез тіл табысып кеттік.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Біздің көрермендерге Ананди «Келін» телехикаясы арқылы танымал. Болливудтық үнді актрисасын шақыру қаншалықты қиын болды, келіссөз қалай жүргізілді барлығын Нұрлан Қоянбаевтың өзінен біліп көрейік.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

- Қазіргі заманда оңай емес, өйткені пандемия болды, 2 жылдай қиын болып жатыр ғой, ұшақтар ұшпайды. Соған қарамастан, Авика Горға бір риза болғаным, хабарласып едік, киноға да түсті, Алматыға да келді. Жалпы шетелде кино түсіру өте қиын, сондықтан да, осындай жақсы адамдар кездеспесе, киномыздың бағасы өте қымбат болады.

- Келіссөз жүргізу барысында енді, өзіңіздің бір сырыңыз бар ма, құпия, халықаралық деңгейде фильм таспалау?

- Сырым енді ниетте деп ойлаймын. Тек қана кинода емес, барлық кәсіпте өзіңізге ұнаған іспен айналыссаңыздар, бәрі өзі дұрыс шешімге келеді.

- «I go to school» Еркош жайлы, яғни Рамазан Амантай жайлы. Неге Дариға Бадықова немесе Жан Байжанбаев емес?

- Келесі жолы, Индияда немесе Австралияда түсірер кезде Жан мен Дариға Бадықова туралы спин-офф бөлек түсіреміз.

- «Бизнес по-казахски в Турции» тағдыры не болады? Жалғасы бола ма?

- Жалғасы болады, айтпақшы, әлі еш жерде айқтан жоқпыз, «Қазақша бизнес Түркияда» киносы алдыңғы рекордты жаңартты.

- Миллиард жинады ма?

- Одан асып кетті, миллиард үш жүзден асып кетті. Ол енді әрине халықтың арқасында. Біз әрі қарай, әрине, жалғастырамыз.

- Құпия болмаса, қай елде?

- Мүмкін Индия шығар.

Ал, «I go to school» фильмінің тағы бір бас кейіпкері Алтыншаш Шаяхметова. Еркоштың ғашығын сомдайтын актриса үшін бұл дебюттық жоба.

- Біле білсем, бұл сіздің алғашқы толықметрлі картинаңыз. Арнайы шақырту алдыңыз ба, әлде кастинг болды ма?

Алтыншаш Шаяхметова, актриса:

- Кастинг болды, проба болды.

- Фильм шетелде таспаланды. Тәжірбие алдың ба?

- Ол жақтан да көп, нәрсе алдық, біздің жаңағы Авика деген актрисамыз бар, ол кісіден де көп нәрсені түсіндік алдық. Тіл жаттап келдік кішкене болсын.

Су жаңа туынды «road movie» жанрында. Жолдағы оқиғаны баяндайтын лента Стамбұл мен Аланияның арасында орын алады. Ал, режиссерлық тізгін Анвар Матжановқа бұйырған.

Анвар Матжанов, режиссер:

- Танысып қойыңыздар – Анвар Матжанов. Нұрлан мырзаның сүйікті режиссері. Енді Нұрлан мырзамен осы уақытқа дейін қанша жасадыңыздар бірігіп?

- Бұл үшінші жобамыз.

- «I go to school» енді алғашқы спин-офф біздің отандық кинода. Қалай ойлайсыз, көрермен оны қалай қабылдайды?

- Көрермендерде шанс жоқ, ұнайды, себебі бұл спин-офф болғанымен, бұл өзгеше бір фильм болды.

Романтикалық комедияның сюжет желісі бойынша, Еркош ғашық болып қалады. Ал сүйген қызын өзіне қарату үшін ол түрлі әрекетке барып, тіпті ғашығына қосылу үшін Авика Гордан көмек сұрайды.

2Rar, музыкант:

- Жігіттер фильмді тамашаладыңдар, Нұрлан мырзаның киносы ұнады ма?

- Иә, жақсы. Бізге Рамантай біздің бауырымыз, Рамантайдың актерлік ойыны ұнады өте қатты.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

- Өте күшті енді Қазақстанның фильмдері осылай өсіп жатқанына біз қуанамыз. Нұрекең номер один ғой енді, «Марвелдің» кассасын бәрін бұзып жүрген кісі.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Халық арасында Нұрлан Қоянбаевтың картиналарына деген сұраныс ерекше. «I go to school» фильмі «Бизнес по-казахски» сынды көрермен көзаймына айналып, кассалық табысымен танымал франшизаны басып оза ала ма? Оны уақыт еншісіне қалдырайық.