Әселдің айтуынша, курсына қатысқан 40 қыз тұрмысқа шығып, алтауы іргесі сөгілгелі тұрған жанұяларын сақтап қалған. Енді психологияны терең меңгеру үшін шетелден 5 миллион теңгеге коуч жалдап, дәріс алған. Бірақ әр 3 ай сайын өткізетін дәрістерін 8000 мыңнан, 30 мың адамға сатып, шамамен 240 миллиондай пайда тапқаннын айтады.
Әсел Асқар, актриса, блогер:
– Мен осы 8-9 жыл бойы көптеген қаражатымды осы білім жағына салдым десем болады. Егерде бүкіл салынған қаражатымды қосып санайтын болсам, кәдімгідей Алматының төрінде тұрған үш бөлмелі пәтерден екеу болады. Автосалоннан бір жаңа көлік. Су жаңа джип.
Кәнігі кәсібилермен курс бастап, кейін ісі аяқсыз қалғандардың бірі Аша Матай. Қыркүйекте арықтау марафонын қолға алған Аша бүгінде жүдеу жайлы жазбаларын өшіріп, жұмыс парақшасын істен шығарған. Бастапқыда «Өз тексерілген әдісім бар. Тәжірибеммен бөлісемін»,-деген еді.
Аша Матай, әнші, актриса:
– Жалпы бұл идея маған қойылып жатқан сұрақтардан туындады. Аша қалай арықтадың, өзіңнің дене бітіміңді қалай сақтайсың. Негізі ана болғалы бері негізі артық салмақ қостым мен. Бірінші жүктілік кезінде 32 килограмм, екінші жүктілік кезінде 18 килограмм және оны тастау әрине оңай емес. Қалай арықтадым, қалай тамақтандым соның барлығын біздің қыз-келіншектер білсін және оны пайдалансын.
Марафоны мардымсыз болып, нәтиже көрмеген бір топ оқырман, блогер Мамаситаның үстінен жазда арыз жазған болатын. «Ақшамызды қайтарсын»,-деді олар. Әлия Байтоғаеваның сабағын сатып алғандардың шағымы бойынша қылмыстық іс те қозғалды. Содан кейін Әлияны салық басқармасы тексеріп, Алматы қаласының Полиция департаменті қатаң бақылауына алғаны тағы бар.
Бүгінде курстарын 8 түрлі тармақта, сайт арқылы сатып, келелі пайдаға кенеліп жүргендердің бірі – Айжұлдыз Адайбекова. Ресми парақшада: медитация, грим жасау, киім тігу, тыныстау сынды бағыттар бар. Бағалары 8000-нан басталып, 50-100 мың теңгеге дейін жетеді.
Ерлер де аталмыш тізімнен тысқары емес. Мәселен Айжұлдыздың экс-күйеуі Қыран Талапбек жақында ғана, Қазақстанда тұңғыш рет мобилографиядан – ауқымды шара атқарды. Онда тек телефонмен түсіру арқылы, табыс табу жолы қозғалды. Ал Қыраннан бұрын, SMM курсын – Арман Юсупов өткізген еді.
«Курс керек» дейтін шоу-бизнесте ер азаматтарымыз да жетерлік екен. Солардың бірі – Кентал. «Жан бағыс, күн көріс»,-дейді ол.
Kental, әнші:
– Ақша тауып жатса осындай, күн көрісін көрсе, мысалы сабақ беріп біреуге мен оған қарсы емеспін. Себебі қазіргі уақытта кішкене қиын болып қалды өнер жағы. Себебі көп мейрамдар жоқ болып кетті, карантин. Сондықтан тапсын. Десе де тәжірибесін, телефон арқылы таратқан танымалдардың тренинг, курстарынан нәтиже қаншалықты болары белгісіз. Бәрі тұтынушы қалауында қалады.