Өнер өкілі клипіне түскен актерлерге неге гонорар бермейді?
– Бір жағдайларға да байланысты клип кішкене кеш шығып қалды, негізі артынша шығуы керек болған еді. Мен өзімнің бөлігімді Москвада түсіріп қойған едім. Сол Москвадағы жасалған дүние кешігіп қалды вообщем.
Клиптің сюжеті бойынша оқиға театрланған қойылым секілді өрбіп отырады. Яғни, бейнебаянда бір адамның басындағы екі махаббат оқиғасы көрсетіледі. Бірақ, қос өмір де жалғыз кадрмен таспаланған екен. Еске салсақ, мұндай форматтағы туынды Қазақстанда алғаш рет түсіріліп отыр.
Bigsher, рэпер:
– Сәтсіз махаббат дей ма әлде лас махаббат па жаңағы басқалар махаббаттың тек жақсы жағын көрсетсе, біз керісінше екінші жағын көрсетуге тырыстық.
Кезекті клиптің ерекшелігі бұл ғана емес! Серік Ибрагимов бейнебаянға тек әнші, актер ғана емес режиссер ретінде де қатысып отыр.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Жұмысы өте ауыр болды. Себебі екінші режиссер өзім болдым. Және осы клипқа түсіп жүріп басында барлығын контрольда ұстау өте маған ауыр тиді. Шынымен де 6 сағат дайындалдық.
Ал жаңа бейнебаянын таспалау үшін Ирагимов тағы да отандық блогерлердің көмегіне жүгінген. Мәселен, 1 жыл бұрын түсірген «Гүлімсің» клипінде ННН, Баха Пупер, Айй секілді желі жұлдыздары төбе көрсеткен еді. Бұл жолы да ол бұрыңғы әдетінен жаңылмапты.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Мен ақша мүлдем төлемеймін. Себебі олардың өздері де біледі. Жұмыс осы творчество болғаннан кейін оларда да бір жұмыс болғаннан кейін міндетті түрде алма-кезек дейді ғой.
«No Love» әнінің клипі жаңа жылға дейін көрермен назарына ұсынылмақ.