Телевизиядағы рейтингі жоғары жобаның бірі «Қызық премия» биыл да көрерменін қуантпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

– Жазылмаған дәстүрге айналған, көп көрерменді теледидар алдына жинайтын бірден бір жоба «Қызық премия» жаңа жылдық түсірілімдеріне кірісіп кетті! Биылғы бағдарлама несімен ерекшеленбек?

11 премия, 100-ге тарта танымал тұлғалар. Зал тола жұлдыздар... Бұл Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің жаңа жыл алдындағы қарбалас, қауырт түсірілім тіршілігі.

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

– Бұл енді өзіміздің «Қызық лайф» бағдарламасының қорытынды премиясы десек те болады.

– Биылғы премиялардың ішінде ең ерекше, екеуін атап өтсеңіз?

– Менің ойымша сериалдарға қатысты дүние иә?

Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші:

– Сериалдарға қатысты және әдетке айналған, дәстүрлі «Жыл плагиаты» номинациясы ерекше болады.

Расымен «Жыл плагиатын» тағатсыздана тосатындар қаншама?! Ал оларды әшкерелеуден жалықпайтын – Серік Ибрагимов. Бастапқыда кімнің номинат екенін қипақтап, айтқысы келмеді. Өнер өкілінің қылығы, кейін түсінікті болды. Ибрагимов «Қазақстанның еңбек сіңірген плагиатщигі» атанды.

Серік Ибрагимов, әнші:

Көңіл-күйің қалай?

– Көңіл-күй керемет! Себебі Құдайға шүкір биыл багаж ондай көп емес болса да, біраз жерден таптық. Біразының артын ашуға дайынбыз.

Сымбат Сағындық, тілші:

– «Қызық премияның» жылдағы дәстүрлі қонақтарының бірі – Райм. Көңіл күйің қалай?

– Жақсы, өте керемет.

Иә, керемет болатынындай бар. Себебі Райм төртінші жыл қатарынан жүлделі. Оған «Жыл альбомы» номинациясы берілді. Тізімде орындаушының өзі ғана болды.

Райм, әнші:

– Өткен жылы қандай премия алдың?

– Өткен жылы «Красавчики» деген премия болды. Одан бұрын «Хит года», «Көп просмотр жинаған клип» солай болды.

Ал кештің көркін әкелі-балалы, өнерлі отбасы – Әбунасыр Серіков пен Әбілмансұр Серіков келтірді. Мансұр түскен «5:32» туындысы «Жылдың үздік сериалы» атанды. Шара барысында, әртістер жанұясының әзілдері жарасты.

Әбілмансұр Серіков, актер:

– Бұл негізі братишка ғой. Осылай ертіп жүремін. Маған еркелейді.

Әбунасыр Серіков, актер:

– Братаным алып келді «Қызық премия бар» деп. Соған келдім.

 

Кеш барысында: «Үздік үш әріп», «Үздік тикток хаус», «Жыл адамы», «Жыл спортшысы» сынды номинациялар болды. Ал оларды кімнің иеленгенін жаңа жыл түні біле аласыздар.