Ерке мен Эйзидің көңіл жарастыруы қос өнерпаздың фанаттарын ғана емес, өнердегі әріптестерін де таңқалдырғаны рас! Алайда, той әншісі мен кью-поп әншісіне қарым-қатынас құруға шығармашылық бағыт та, жас айырмашылық та еш кедергі болмағандай. Ерке Есмахан биыл 36-ға келсе, Азамат Зенкаев 28-де.
Ерке Есмахан, әнші:
- Біз енді кездесіп бастағанда, өзімізше ойладық, ой жасырамыз, ешкім білмейді. Не істейді, ешкім білмейді. «Бірге көрмесе болды ғой», - деп сүйтіп ойлап жүрген кезде, екі айдан кейін Дубайға кетіп қалдық. Енді Алматыда спокойно жүре алмаймыз. Енді Дубайға барайықшы деп. Сүйтіп Дубайда бізді ұстап алды. Суреттер шығып кетті, видеолар шығып кетті.
Еске салсақ, бұған дейін Азамат бұрыңғы ғашығы Әсия есімді арумен талай рет көзге түскен еді. Ал Ерке Есмаханның танымал журналист Асхат Садырбаймен отау құрғаны көпке мәлім. Бүгінде ол алғашқы некесінен Мүсілім есімді ұл тәрбиелеп отыр. 9 жастағы балақаймен бүгінде Эйзидің қарым-қатынасы жақсы.
A.Z, рэпер:
- Менде бірақ тикток бар предложениясы. Онда мен отырмаймын, Мүсілім отырады, сол үшін жазып қойғам.
Еске салсақ, Азамат Зенкаевтың «Найнти Уанмен» келісімшартты бұзғаны 2020 жылдың 5-ші тамызында мәлім болды. Тіпті, 5 жылдық мерейтой алдына ұжыммен қош айтысқан Эйзидің партияларын 91-ліктерге өзара бөліп алуға тура келді. Ерболат Беделхан өз кезегінде Азаматтың топтан кетуіне Еркенің қатысы жоқтығын айтқан болатын.
Ерке Есмахан, әнші:
- Фанаттардың біраз айтқаны, жазғаны, мен оқыдым. Сол кезде Азаматқа айтам, Азамат, неге бұлай болып жатыр, мен еш жамандық істеген жоқпын ғой. Қалай күрессем болады деп ше. Енді қалай түсіндірсем болады деп. Азаматтың айтқаны, ешқандай ештемеде түсіндіруге сен міндетті емессің. Сен менің қасымдасың, екеуіміз біргеміз.
Ерке мен Эйзи жұп атанған соң, көптің қызығушылығын оятқаны рас.
Әлі күнге дейін фанаттар олардың әр басқан қадамын фото-видеоға түсіріп, желіге жүктеп отырады.
Ерке Есмахан, әнші:
- Екеуіміз бірақ бірігу керек болды, не істейміз енді, өз-өзіміз махаббаттан басымыз айналып, творчестова жөніне қалды. Әрі қарай оны алға басып, бір жол көрсететін адам керек болды. Содан кейін біз осы Жан Мұқанов мырзаға хабарластық.
Бүгінде шығармашылықтарын қайта қолға алған Ерке мен Эйзи: «Тойдың да ауылы алыс емес», - дейді.