Жеке шығармашылығын қайта қолға алған Тико алғашқы туындысын жалғыз емес, дуэтте ұсынбақ. «EQ» тобының экс-мүшесі қоластындағы Шарим есімді музыкантқа коллаборация жасауға ұсынысты өзі білдірген. Бір қызығы, тректі қос өнерпаз небәрі бірнеше сағаттың ішінде жарыққа шығарған.
Tiko.XO, музыкант:
- Музыка с нуля деп, біз өзіміздің битмейкеріміз бар, сол с нуля отырып бірге видое түсіріп, ол с нуля бит жасайды содан сол уақыттың ішінде өлең шығарып тастауы керекпіз да. Сол кезде шығып кеткен. 1-2 сағатта шығып кеткен, с нуля жасап тастаған трек.
Тико мен Шаримнің трегі «Трансвестит» деп аталады. Ырғақты әуеннің бейнебаяны ерек форматта таспалануда. Онда Тико мен Шарим жасанды шаш киіп, эпатажды образда бой көрсетпек.
Shqrim, музыкант:
- Көп жерде шыны керек, ешқандай жасырып керек емес. Көп жерде решать ететін финанс жағынан.
Дәл осы Шаримге продюсерілік етіп жүрген Тико, шәкірт тәрбиелеу оңай еместігін алға тартады. Талай жыл өзгенің қол астында өнер көрсеткен Тико әсіресе жас музыканттарды таныту қиын дейді.
Tiko.XO, музыкант:
- Продвижения жағынан кішкене әлі түсініспеушілік болып жатыр. Себебі қазір заман өзгеріп кетті баяғыдағыдай телевизорге клипің шықса болды, күштісің звездасың деген, телевизорға шықтың болды сен күштісің, танымалсың қазір ондай нәрсе өтпейді мүлдем, қазір инстаграмдарда өліп жатыр.
Ал Тико мен Шаримның су жаңа клипі желтоқсан айының басында тыңдарман назарына ұсынылмақ.