Еліміздегі ең алғашқы экоспектакльдің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты табиғат пен жануарлар әлеміне ұқыпты қарауға шақыру. Бас кейіпкер Айдардың рөлін сомдаған актер Мирболат Берниязов: «Табиғатты қорғау маңыздылығын балаға түсіндіруде ата-ананың рөлі үлкен», - дейді.
Мирболат Берниязов, актер:
– Мен табиғатқа бей-жәй қарай алмаймын. Тіпті, қоқыс тастағанда да оларды сұрыптап отырамын. Сондықтан, мына спектакль жаныма жақын. Қазір барыстар мәселесі өте маңызды. Себебі, көптеген жануарқұрып кетудің аз-ақ алдында тұр.
Экоспектакльдің идеясы Қызыл кітапқа енгізілген Қар барысының жойылып бара жатқан популяциясын сақтауға негізделген. Актерлар бұл рөлді жоғары деңгейде алып шығу үшін әбден әзірленген. Тіпті, қар барысына ұқсау үшін беттегі гримнің өзіне 1 сағаттан астам уақыттары кеткен
Никита Коньшин, актер:
– Өте қиын болды, көргендеріңіздей біз қасқырлармен күресеміз. Дайындыққа бір күн емес, бірнеше уақыт керек болады. Оған қоса драмалық бөліктер бар.Кейіпкерлер арасындағы байланыс та маңызды.
Экологиялық мәселені көтерген спектакльдің сценаристі әрі актері Евгений Дубовик болса: «Балаларға табиғатты қорғаңдар деп айтудан гөрі, көрсетіп түсіндірген дұрыс» , - дейді.
Евгений Дубовик, актер:
– Жаңа әрі заманауи ертегі форматы балалардың түсінуіне қолайлы болуы керек. Біз бұл спектакльде зұлымдарды көрсетеміз және оның міндетті түрде қорқынышты болуы маңызды емес. Залым деп браконьерлерді көрсеттік.
Еске салсақ, экоқойылым Халықаралық Қар Барысы күніне орай көрерменге ұсынылды.