Үш айда «Ол қыз» әні 9 миллионға тарта қаралым жинап, желі мен жұрт арасында хитке айналды. Орындаушысы – Нұрболат Қанай дәл сол сәтте қазақстандық ән жарыста бақ сынап жатқан-ды. Десе де, әншінің сайысқа қатысты базынасы бар болып шықты. Бірақ бар шындықы айтуға батылы бармады.
Нұрболат Қанай, әнші:
– Бар енді, арасында...полный по-факту айтпай-ақ қояйын. Өзім көріп жүрмін, айтпай үндемей-ақ қояйын. Жалпы бар. Ондай қатты толмайды іште не болғанын айтпай-ақ қояйын. Қатты ондай толмайды.
Ал тректері ТМД-да танымал Raim әзірге шетелдік шерулерде бақ сынауға асықпайды. Тіпті жат жерде топ жарып жүрген қазақстандық әншілерден де бейхабар екен.
Raim, әнші:
– Шетелдік конкурстарға қатысу ойда жоқ. Пока сол өзіміздің проекттермен айналысамыз. Естіген жоқпын шыны керек. Біздер Оралда тек қана творчествомен айналысқан соң шығар. Бәлкім кейбір жаңалықтардан тыс жағдайда қаламыз да.
Тректері көршілес мемлекеттерде тез танылатын, тағы бір талант – Садраддин. Садр да әзірге шетел асуға құлықты емес. Бірақ еліміздің атын шығарып жүрген Әміре, Әділхан Макин сынды жігіттерге жанкүйер екен.
Садраддин, әнші:
– Конечно қолдау. Неге қуанбасқа? Әрқайсысымыз әр жақтан, әр бағыттан жасай берсек, елімздің аты әр жақтан шыға берсе. Жақсы жағынан әрине.
Әділхан мен Әміреге тақым қысып отырғандардың тағы бірі «101» тобының әншісі – Ербол Нияз. «Жігіттерді болашақта жарқын келешек күтіп тұр. Қолдаймын. Дауыс беремін», - дейді ол.
Ербол Нияз, әнші:
– Ернарды сырттай бақылаймын. Онымен жақын таныспын. Жалпы Әміре сияқты талантты жігіттердің Ресей, Түркия, Қытай сынды елдердің сайыстарына қатысу себебі, біздегі шоу-бизнестің тарлығында. Оларға өсу керек қой. Қаржылай да даму керек дегендей.
Қазіргі таңда, Қазақстанның атын «Түркия дауысында» әнші Мәриям Думан және әпкелі-сіңлілі Аяна мен Диана есімді қыздар да қорғауда.