Бүгінде тиктокерлер заманы ма дерсіз! Желі жұлдыздары ғаламтор ғана емес, шоу-бизнесте де сұранысқа ие болып, түрлі жобаларға шақырту алуда. Енді «BIP HOUSE» командасының мүшесі Дәулет Абдуловты үлкен экрандардан көре аласыз. Блогер «Aool House» картинасында басты рөлге бекітіліп, киномансабын бастап кеткен.
Дәулет Абдулов, «BIP HOUSE» мүшесі:
– Бұл бір сәттілік деп айтар едім. Бірақ дегенмен егер сенің талантың болса, қолыңнан келіп тұрса, камера алдында жұмыс істей алсаң барлығы мүмкін.
Актерлық қырынан танылуды көздейтіндердің тағы бірі – Дәулет Өзбеков. «RENZO» тобының әншісі: «Тиктокер атанғансоң, продюсерлер ұсыныс тастай бастады», - дейді. Бүгінге дейін бірнеше туындыда бой көрсетіп үлгерген ол, аталмыш әлеуметтік желінің пайдасын жақсы түсінеді.
Дәулет Өзбеков, актер, «RENZO» тобының әншісі:
– Менің ойымша тикток енді актуалды соц.сеть-тің бірі ғой, әлеуметтік желілердің. Соның арқасында көп продакшндар өздеріне бәлкім атын шығарып алу керек, сол мақсатта шығар. Алдында мен өзім білмей мен тиктокка қатысты уже екінші проектім мынау. Алдында тикток хаус сериалда болды, қазір полный метрда түсіп жатырмын.
Тикток арқылы атағы асқақтағандардың арасында Таир мен Гүлзана да бар. «BIP HOUSE»-тан кеткен бойда, блогелерге ұсыныстар қарша бораған. Алайда, Таката мен Гузи әзірге жеке продюсерсіз жұмыс істеп көрмек ниетте.
Таирқали & Гүлзана, тиктокерлер:
– Шынымды айтсам өте көп ұсыныс болды. Әсіресе танымал продюсерлерден, хаустардан. Бірақ біз әзірге жеке шығармашылықты көргіміз келеді. Себебі, хауста жүрген кезде барлығы қадағаланып отырады.