Карантин біраз әртістің қалтасын қаққаны рас! Айқын: «Қазір той өткізуге рұқсат берілгенімен, шақыратын жер өте аз», - дейді. Сондықтан, әнші өзге қалаға шыққанда «самолет, қонақ үй, такси» секілді шығындарының орнын толтыру үшін гонорарын қымбаттатуды ұйғарған.
Айқын, әнші:
– Біз кішкене гонорарды көтеріп қойдық. Себебі, той қазір көп та емес, карантин гонорарымызға әсер еткені кішкене өсірдік. Ары-бері шашылмас үшін.
Ал Дидар Кәден Айқын әріптесі секілді, гонорарын қымбаттатпаған. Керісінше, жеңілдік сұрағандарға жомарттық танытуға тырысады екен. Оның мұндай шешімге келуінің себебі де жоқ емес. «Мені шақырған жандардың жағдайын жақсы түсінемін, себебі өзім де той өткіздім», - дейді шоумен.
Дидар Кәден, әнші, асаба:
– Гонорар қымбаттаған жоқ, керісінше осы хабарласып жатқан жандардың жағдайына қарап, түсіністікпен қарап, өйткені жақында өзім де той өткіздім деген сияқты. Оның барлығын есептей келе шынымен де қомақты қаржы шығады. Бірақ дегенмен өзім де сол тойдан ренжімей кетуге тырысамын.
Серік Ибрагимовтың да қаражатқа келгенде талабы таудай емес! Әнші қиын сәтте халықпен бірге болуға тырысады.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Бұрыңғы қалпында қалады, себебі қазір халықтың жағдайы да мәз емес. Сондықтан да сол, баяғы қалпында қалады. Ешқандай көтеру анау-мынау деген жоқ.