Рианнаның фэшн шоуы кезіндегі Victoria’s Secret шарасына бәсекелес бола білгендей! Себебі, кезекті көрсетілім тек модельдердің сән мінберіндегі жүрісі ғана емес, әртістердің өнер көрсетуімен толықтырыла түсті.
«Savage x Fenty» таныстырылымында Нормани, Джазмин Салливан, Дэдди Янки, Nas, BIA тіпті Рики Мартинді көре аласыз. Ал сәнбикелер қатарында Джиджи Хадид, Эмили Ратаковски, Ирина Шейк, Адриана Лима бастаған сылқымдардың өзі төбе көрсеткен.
Еске салсақ, фэшн шоу онлайн түрде, «Amazon Prime Video» сервисі арқылы ұсынылған болатын. Ал жаңа үлгілерге келер болсақ, топтама «Savage x Fenty» брендінің стиліне сай әзірленген. Тек бұл жолы ашық-жарқын түсті іш киімдерді көбірек байқай аласыз.