«Патрульдің» 6-шы маусымы тосынсыйларға толы болмақ! Еске салсақ, жоба қазақстандағы ең ұзақ ситком ретінде рекорд орнатқан еді. Енді, авторлар телехикая бұрыңғыдан тартымдырақ болу үшін, жаңа кейіпкерлерді қатарға қоспақ.
Медет Аманбаев, актер:
- Жаңа адамдар қосылуы мүмкін. Иә барлық сценарийді оқып үлгерген жоқпын. Өйткені бүгін бірінші күн. Менде повышение наконец-то болды. Міне, капитан деген званияға жеттім.
Бұл маусымда біраз кейіпкерлердің шені өссе, Еділ Анарбайдың әзірге мансапта жолы болмаған. Десе де, актер әйтеуір болашақта қызметте жоғарылайтынына сенімді.
Еділ Анарбай, актер:
- Болады бірақ менде емес! Енді...міне әлі сержантпын! Енді құдай қаласа бір 18 маусымында көтерілетін шығармын.
Әріптесінің әзіл сөзіне қосылған Мейірхан Шерниязов та «Патруль» 6 маусыммен тоқтап қалмайтынына сенімді. Оның үстіне бүгінде сериал сұраныстағы отандық туынды атанып отыр.
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Мен почему-то сенем 6 сезонмен тоқтамайды. Бұл деген 7-8 бола беру мүмкін ары қарай, пока сұраныс бар, халық жақсы көреді. Неге жасамасқа?
Сондай-ақ, Мейірханның айтуынша, бұл маусымда да жоба жоғары көрсеткішке қол жеткізбек. Бұған себеп - түсірілім командасы тәжірибесінің әр маусым сайын жоғарылауы.
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Біз қарасақ 4 маусымнан бастап қазіргі соңғы 5-ші сезон, маусымды салыстырсақ әлдеқайда жоғары өскенбіз. Деңгей өскен, әзіл деңгейі, ойнау жыл өте, жыл өте, әр маусым сайын кішкене түзеле береді ғой былай айтқанда.
Ал көпті күттірген, «НТК» арнасының төл туындысы қараша айында көрерменге жол тартпақ!