Екі баланың анасы Аша Матай соңғы жүктіліктен кейін қатты толып, күйзеліске түскенін айтады! Тіпті, сылқым арықтаудың түрлі амалдарын қарастыруға көшкен. Нутрицолог, диетологтардың кеңесіне жүгінген кейін ғана, ол артық салмақтан арылғанын айтады.
Аша Матай, әнші:
- Негізі ана болғалы бері негізі артық салмақ қостым мен. Бірінші жүктілік кезінде 32 килограмм, екінші жүктілік кезінде 18 килограмм және оны тастау әрине оңай емес.
Зарина Омарова да декреттік демалыстан соң, біраз толып кеткенін жасырмайды. Сондықтан, әнші шоу-бизнеске оралу үшін 25 келіден арылған. Өнер иесі: «Мінсіз мүсін иесі болу үшін, әуелі артық салмақ емес, еріншектікпен күресу керек», - деген пікірде.
Зарина Омарова, әнші:
- Енді адамның өзіне байланысты сен өміріңді қалай істегің келеді. Әдемі болып жүргің келе ма, басқаша өмір сүргің келе ма, барлығы адамның өзіне байланысты сол себепті өз-өзіңді күтім жасап, ұшақ деген бар бізде, анда-мында жүргеннен кейін оның барлығы бет-әлпетіңе, фигураңа бәрі әсер етеді.
Баян Алагөзова бүгінде көпшілік үшін сұлулық эталонына айналды десек артық айтпаспыз! Себебі, продюсер 47-ге келсе де, мінсіз мүсінімен таңқалдырудан жалығар емес. Осы орайда, әдемі пішім иесі өз құпиясымен бөлісті.
– Негізі әйелдердің психологиясы өте қызық. Олар белгілі бір мереке қарсаңында ғана арықтауға тырысады. Сондай нәзік жандыларға айтарым: қай кезде де, сұлу болып жүруге талпыныңыздар! Не болса соны жемеңіздер, аз тамақтаныңыздар.