Серік Ибрагимов енді бизнесмен! Талай жыл өнері арқылы табыс тауып келген әнші: «Енді өзге дүниені де байқап көретін уақыт келді», - дейді. Әнші тіпті кәсіпкер атану үшін біраз уақыт арнайы білім алып, жаңа саланы зерттеген екен.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Бір жылдан астап зерттелді халыққа шығам дегенше өңделді. Бір жылда көп ойландық, бірден бірдеңеден шабыт алып кірісіп кетуге де болмайды оны, қыр-сырын әбден зерттеу керек сондықтан ойлану керек, қарау керек, оқу керек, зерттеу керек. Білгендерден үйрену керек.
Серік Ибрагимов кәсіпте әзірге тәжірбиесі аз екенін мойындайды. Әнші тіпті өзінің әріптестерінің ақыл-кеңесіне жүгінуге әзір. Бұл орайда Серікке бұрыннан бизнесмен атанған Ельдос Колобок ақылын аямақ емес.
Елдос Кәдірханов, әзілкеш, блогер:
- Қазір бәрінің көзі ашық, көкірегі ояу, заман дамыған, кітапты ашып оқыса да болады неше түрлі, мықты кәсіпкерлердің кітаптарын, енді мен өзім сүйтіп оқып үйрендім одан кейін курстар, енді курстың өзі де бөлінеді, дұрыс адам, дұрыс емес адамның курстары.
Ал Балжан Бидаш бизнесте өте мұқият болу керектігін айтады. Оған себеп, әншінің банкротқа ұшыраған киім дүкені екен. Десе де, Балжан мойымайды. Болашақта бұл істі басынан бастап көрмек.
Балжан Бидаш, әнші:
- Мен содан біраз тәжірбие жинадым. Енді міне қазір мен сол сауданы қалай жүргізу керек соны үйреніп жатырмын. Жақын арада жоспарда бар, осы Алматы қаласынан үлкен етіп өзімнің стильный киімдер дүкенімді ашқым келеді.
«Атым бар да ақша табайын» деді ме, бүгінде әнші-әртістер жаппай бизнеске бет бұрып жатыр. Бірақ өнер адамынан кәсіпкер шыға ма? Бұл сұрақты уақыт еншісіне қалдырайық.