Ананы жылына бір не екі рет құттықтаған аздық етеді! Бұл Әлішер Кәрімовтың пікірі. Әнші алыстағы ата-анасын бұл күнде қатты сағынатын болған. Сондықтан оларды жиі қуантуға тырысады.
Алишер Каримов, әнші:
– Менде 365 күн «Аналар күні» деп айтуға болады. Өйткені күнде шешеме, мамама звондап, қал жағдайын сұрап, мен сені сүйем деп, сыйлық алып... Күнде емес енді, бірақ жиі. Соңғы кездері мысалыға шет елге жіберетін болдым. Әкем екеуін.
Ал Толқын Забирова мейрам бастала сала қос анасына, құттықтап хабарласып, гүл шоқтарын жіберген. Бірі өз анасы, екіншісі өнердегі анасы. «Жақсылығы сіңген жандарды жадтан шығаруға болмайды. Бір уақ хәл біліп, жылы сөз айтып қою керек», - дейді Толқын ханым.
Толқын Забирова, әнші:
– Кәсіби деңгейде осындай үлкен әншілік бағытты маған берген, үйреткен, классикалық шығармаларды айтуды үйреткен, осы бүкіл вокалдың қыр-сырларын маған көрсетіп берген, осы өнердегі анам – Бибігүл Ахметқызы Төлегенова. Әрине енді осы өмірге мені алып келген, ең бірінші ұстазым, менің шешем болса, Зухра Қалиқызы.
Ал Аян Бірбаев бастапқыда бұндай мейрамның барын да білмепті. Ол анасына сыйлық жасауда, көп ойланатын көрінеді. Тіпті фантазиясы таусылса, әйелінен ақыл сұрайды екен.
Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:
– Шынымды айтсам осы уақытқа дейін аналарымыздың мерекесі 8-ші наурыз деп ойлап келген едім. Мамамның мұндай жеке төл мейрамы бар екенін білген де емеспін. Білесіздер ма, әр жыл сайын анама не сыйласам екен деп бас қатырам. Ақыр соңы таңдауым қазан сынды ыдыс-аяққа түседі. Мұны естіген әйелім: «Анаңа қазан сыйлап, тамақ істетіп қоймақышысын ба», - деп ұрсады.