«MET Gala» - сәнқой жұлдыздар мен фэшн мамандарды бір шаңырақ астына жинайтын айтулы шара. Костюм институтының балы дәстүрлі түрде 1974-ші жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Әдетте, бұл кешке шоу-бизнес өкілдері бірнеше ай бұрын қызу дайындықты бастап кетеді.
Бір жылдық үзілістен кейін танымалдарды тоғыстырған «MET Gala»-ның биылғы тақырыбы – «Америкада: сәнді лексикон» деп алынса, «Америкалық тәуелсіздік» атты дресс-код талап етілген.
Ал Нью-Йорк қаласындағы «Metropolitan» өнер мұражайына алғаш болып Тимоти Шаламе келді. Сұраныстағы жас актердің шараға алғаш болып төбе көрсетуінің өз себебі бар. Өнерпазға кештің жүргізушілік тізгіні бұйырған.
Әйгілі «Vogue» журналының пайымынша, «MET Gala»-ның ең сұлуы ретінде Кендалл Дженнерге танылды. «Givenchy» топтамасының ашық тор көйлегіні таңдау түсірген сәнбикені 20 шақты стилист дайындаған екен.
Кендалл Дженнер, сәнбике:
- Мен стилистім Андрейді жақсы көремін. Ол менің ойымды оқитын сияқты, біздің талғамымыз да бір жерден шығады. Бүгін дәл осындай асыл тастармен көмкерілген көйлекті ауыр болса да киіп келдім.
Кеште Кендалдың анасы Крис Дженнер мен құрбысы Джиджи Хадид те қадірлі қонақтар қатарында. Джиджи 80-шы жылдардағы образда төбе көрсетті.
Джиджи Хадид, сәнбике:
- «Prada»-ның әсем үлгісіндемін. Америкалық селебрити бас қосатын кеште жүру біз үшін құрмет. Меніңше бұл шара көбіне дизайнерлерге өздерін көрсету мүмкіндігін сыйлайды.
Жас әнші Оливия Родриго да «MET Gala»-ға әбден дайындалған. Түрлі музыкалық чарттардың көшін бастап жүрген әнші батыл образбен көпті таңқалдырды.
Костюмдер институының арнайы кешінде Lil Nas X басты сөзсіз басты назарда. Рэпер 3 бірдей образ ауысырып, қызыл кілемде төбе көрсетуін бейне бір перфомансқа айналдырғандай. Музыкантқа бұл кеште 5-6 көмекшінің өзі аздау көрінді.
Lil Nas X, рэпер:
- Ең сәнді болу үшін кретивті болу керек. Менің айтарым осы.
Өзгеден ерекшеле білген жұлдыздар арасында Сиара да бар. Әнші америкалық футбол комндасының формасын көйлек қылып киіп келген.