Forbes мәліметі бойынша, тикток қолданушылары әртістің әр әніне видео түсірген сайын авторға 3-тен 30 тиынға дейін ақшалай пайда әкеледі.
Мәселен, «Фенди» трегінің орындаушысы Ресейлік Рахим Абрамов аталмыш сервис арқылы 1 миллион рубль пайда тапқан. Оның хит әніне 3 миллионнан астам фолловер тикток таспалаған көрінеді.
Қазақстандық әншілер де тректерін тикток арқылы танытып, ақша табуға ниетті! Мысалы, Мирас Жүгінісов «Зымыран» әнін рекке шығару үшін біраз тер төккен көрінеді. Музыкант дәл осы туындыны «караоке» форматына лайықтап, тиктокта тыңдарманымен бірге шырқаған еді.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Енді қазір заманның ағымы артынан қуу дегенді көбісі жақтырмайды. Бірақ та біз заманның артынан қатты қумасаң да, бірақ тикток қазір шығып жатыр ғой ол сенің творчествоңа үлкен көмек береді де салған дұрыс деп ойлаймын.
Ал әнші Тұрар тректерін тикток арқылы танытуға қарсы. Тіпті аталмыш платформаға арнап ән жазатын әріптестерін сынап тастады.
2Rar, әнші:
– Тиктокқа арасында кірем, бар ғой именно трендке арнап жазатын, кішкене соған қарсымын, кішкене творчествоны убивать ететін сияқты. Өйткені тиктокқа арнап жазған өлеңнің 15 секунді ғана дұрыс болады.
Ең қызығы, тиктокта 1 млн оқырманы бар әнші Садраддин де аталмыш платформаға арнап трек жазуға қарсы.
Садраддин Болат, әнші:
– Тиктокқа арнайылап шығарғанға мен қарсымын. Себебі өлеңнің уже мәнісі кетеді.
Дегенмен, қазақстандық Джастин Бибердің әндері тиктокта кеңінен танылып, трендтен түспейді.