New york fashion week-тің биылғы маусым ұсынары не?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Michael Kors-тың кезекті көрсетілімі жаздың мамыражай шуақты күндерін еріксіз еске алды! «Қалалық романтика» атауына ие болған топтамада көбіне қара-ақ түстерге таңдау түсірген. Сондай-ақ, үлгілердің басым бөлігінде шілтірді байқауға болады. Нәзіктікке толы киімдерді Кендалл Дженнер, Ирина Шейк, Джиджи Хадид бастаған топ сәнбикелер таныстырса, Кейт Хадсон алдыңғы қатарда отырып фэшн шоуды тамашалады.

Ирина мен Джиджи бұл күндері үлкен сұраныста! Модельдер Michael Kors-тың ізін ала, Moschino-ның шоуына асықты! Сәнбикелерге Стелла Максвелл, Винни Харлоумен бірлесе Джереми Скот туындыларының тұсауын кесу мәртебесі бұйырған-ды.

Ал су жаңа үлгілерге қарап, дүкендегі балалар бөлімі киімдерінің үлкейтілген нұсқасы ма дерсің! Поп-мәдениет элементтермен тәжірибие жасауды жаны сүйетін Джереми Скотт бұл жолы да таңқалдыра алғандай! Дизайнер үлгілері арқылы көрерменге өткен шаққа саяхат сыйлады.

Уэс Гордон болса, Carolina Herrera сән үйін 40-жылдық мерейтойын көрсетіліммен атап өтті. Талайдан бері артистократтық саналып келген бренд, бұл жолы да игі дәстүрінен таймағандай. «Ladylike» үлгілер, ақ-қара түстес жібек көйлектер, жаккард маталы кешкі луктар болашақта қызыл кілемнен, голливуд жұлдыздарының үстінен табылары сөзсіз!