Блогерлер контент даярлауда кімнің көмегіне жүгінгенді жөн санайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Дархан мен Дарикорн бүгінде Қазақстандағы танымал блогерлер қатарында! Желі жұлдыздары көбіне видеографты емес, контентмейкерді жалдайды екен. Бұл маман блогердің аудиториясын саралап, керек тақырыпты таңдауға көмектеседі.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

– Жұмыс жағына келген кезде яғни қаржылай жаққа келген кезде команда болады. Яғни осындай-осындай рекламалар аласың. Яғни осы рекламаның алдында осындай видеолар түсіру керек деген маған контент план сызып береді. Ал ол контент планды мен өзім жасаймын. Сценарийді өзім жазамын.

Блогер Разиюша инстаграмды беске білсе де, парақшасын дамыту үшін СММ-маман жалдамақ болған екен.

Razziyuwa, блогер:

Неге бәрінде сондай мінсіз, күшті контент, ал менде неге олай емес деген ойлар болатын. Кезінде өзіме СММ маман алғым келген. Сосын, өз парқшамды өзімдей ешкім жүргізе алмайтынын түсіндім.

Инстаграмда 2 млн астам фолловері бар Серік Ибрагимов те, соңғы кездері өзін блогер ретінде танытып жүр. Алайда, әнші контент жасауда жалдамалы көмекшілерге емес, желі жұлдыздарының тегін ақыл-кеңесіне жүгінуді жөн санайды екен.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Жоқ контентіме көмекшім жоқ. Бірақ жол сілтеп, осылай-осылай жасаған дұрыс деп айтқан блогер достарым інілерім болды. Бірақ бәрін енді шама келгенше өзіміз істеп салуға тырысамыз.