Бүгінде бір емес бірнесе кәсіп ашып, талай істің басын шалып көрген өнер өкілдері жетерлік. Соның бірі – актер Вахит Изимов. Бірақ карантин әсер етті ме, әйтеуір Изимов бастаған бизнестерінің ғұмыры ұзаққа созылмаған. Десек те Вахит мойымайды.
Вахит Изимов, актер:
– Менде мынау 3-ші бизнес қой. Менде өзімнің барым бар еді, одан кейін ойладым жоқ деп, алкаголь сатып дұрыс ақша таба алмайсың. Табасың ақша бірақ ол басқа ақша да, жақсы ақша емес. Өзімнің актерлық студиям болған. Студияны жауып енді басқа бизнеске көштім.
Декреттік демалыста болса да, Динара Бақтыбаева уақытын бос өткізбей, жеке кәсібін дөңгелеткісі келеді. Актрисаның ендігі жоспары онлайн дүкен ашып, бизнесвумэн атану.
Динара Бактыбаева, актриса:
– Мен өз ісімді бастау туралы ойландым. Қазір нақты не екенін айтпаймын. Бірақ карантин кезінде интернет магазин ашқым келді. Бірақ қазір барлығы тек жоспарда.
Танымалдылығын тиімді пайдаланып, табысқа кенеліп жүрген блогерлер де бар. Көп ұзамай бұл қатарға тиктокер Авди Сенпай қосылғысы келеді. Желі жұлдызы әріптестерінен қалмай, фаст-фуд орталығын ашпақ ниетте.
Авди Сенпай, тиктокер:
– Бар кішкене так. Пока жоспар жоқ енді ойда бар, ойда.
Карантинге қарамастан жеке бизнестерін дамытып отырғандардың қатарына актриса Дариға Бадықова мен әнші Кенжебек Жанәбіловті қоса аламыз.