Украинының халық әртісі Тина Кароль Қазақстанға келді! Өнер иесі алғаш болып Алматы базарын аралап, қала өмірімен танысуға кірісті. «Gucci» брендінің үлгілерін үстіне ілген мұндай жұлдызды қонақты сауда орталығында ешкім күтпегені сөзсіз.
Тина Кароль, әнші (Украина):
– Базарда барлығы жүйеленген, таза, мұны көріп таңырқадым. Ондағы жемістер бөлек әңгіме. Ең қызығы базарда қолма-қол ақша пайдаланылмайды екен. Бұны менің айтып тұрғанымның өзі қызық шығар.
Кейіннен Тина кішігірім концерт-кездесу ұйымдастырды. Шараға өнер иесі журналистер мен әріптестерін арнайы шақыртқан. Ал әншіні маңызды сәтте қолдауға «Голос Украина» жобасының қатысушылары Ерлан Байбазаров пен Инди Еділбаева келді. Еске салсақ, Кароль қазақстандықтар қатысқан аталмыш байқауда қазылық еткен болатын.
Инди Еділбева, әнші:
– Алматыға келетінін біле сала, бірден байланысқа шықтым. «Голос Украины» кезінде маған қолдау көрсеткен жандардың бірі. Әрі мен оның тыңдарманымын.
Еске салсақ, Украиндық орындаушы Қазақстанға кеш барысында ұсынылған «Красиво» атты альбомын таныстыру мақсатында келген.
Тина Кароль, әнші (Украина):
– Бұл менің ең үздік альбомым дер едім. Оны әзірлеу үшін кезінде Рианна, Тимберлейккпен жұмыс істеген барабанщы АҚШ-тан арнайы ұшып келді. Орнажировка жағынан көмектесті.
Тина Кароль болашақта еліміздегі тыңдармандар санын көбейтуді көздейді. Украиндық орындаушы отандастарымыздың ішінен Димаш, Скриптонит, Назима, «А-студио» тобының өнерін жоғары бағалайтынын айтады. Тіпті, әнші мейлі жас болсын, мейлі кәсіпқой болсын болашақта қазақстандық әріптестерінен жақсы ұсыныс түссе каллобарация орнатуға әзір.
Тина Кароль, әнші:
– Құрметті Қазақстандық тыңдарман, мен сендерді жақсы көрем. Көп ұзамай жеке кешіммен келуге уәде беремін.