Шоу-бизнесте шығармашылығын бірінші орынға қойып, оң жақта отырып қалған сұлулар жетерлік. Мысалы, экс-КешYOU-лік Жанар Дұғалова биыл 34-ке келсе, құрбысы Кәмшат Жолдыбаеваның жасы 33-те.
Ал Әсел Садвакасованың өмірі фильмдерінің сценарийіне ұқсап бара жатқандай! Актрисаның кинодағы рөлдерінің көбі тұрмысқа кеш шыққан арулар жайында. Мысалы: «Замуж в 30» фильмінде Анель махаббатын кеш кешіктірсе, «Кластастар»-дағы Алияның да тағдыры солай қайталанады.
Жастар арасынан тезірек тұрмыс құрып, ақ босағаны аттауды армандап жүргендер де көп. Мәселен, Разиюша 25 жасқа дейін келін атанғысы келеді. Тіпті, сылқым болашақ жары өнер әлемінен болса да, қарсы емес.
Разия Кузиева, блогер:
– Енді 25 ке дейін деп ойлаймын өзім. А так құдайдың бергені, кто знает 1 айдан кейін шығып кетуің мүмкін. В принципе өнер адамынан болса мен қарсы емеспін. Мені жақсы көрсе болды.
Сұлу да сүйкімді бикеш Фариза Ескермес те, ақ боз атты ханзадасын әлі кездестірмеген. Экс-Джейрандық әнші: «Тұрмыс құруға қанша асықсам да, жүрегім қаламаған адаммен өмірімді байланыстыра алмаймын», - дейді.
Фариза Ескермес, әнші:
– Былай айтады ғой бәрі, 25 жасқа дейін қыздар тұрмысқа шығып кету керек, шықпаса ой ол отырды деп айтады көбісі. Бірақ, 25 жасқа дейін сен өз махаббатыңды таппасаң, сен кімге шығасың? Сен сол махаббаты 35-те кезіктірді дейік, сонда 35-ке дейін уақыт келді деп көрінгенге шыға салып, олай істеуге болмайды.
Сондай-ақ, Фаризадан өзге, сұраныстағы сылқымдар тізімін Гүлнәз Жоланова, Алтынай Жолдыбаевалар жалғайды.