Дәурен Айдарқұлов веб-сериалдың бас кейіпкері атанды! Ғаламторға арналған жобада актерға тағы да жағымсыз кейіпкердің образы бұйырған. Онда ол бойдақ дәрігердің рөлін сомдайды.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
– Басында подлец болады. Бірақ трансформация болады. Кейіннен жақсы адам болып шығады. Көбінесе осындай маған беретін рөлдер. Яғни мен басында жақсы болмаймын, кейіннен жақсы боламын. Білмеймін түрім сондай шығар.
Сұраныстағы актер аталмыш жобаға бірден келісімін бергенін айтады. Бұған себеп – бүгінде веб-сериалдардың трендтен түспеуі. Тіпті, Дәурен туындыда төбе көрсеткені үшін алатын гонорары толықметрлі фильмдерден әлдеқайда жоғары екенін айтып қалды.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
– Мысалы бір веб сериалдар болады. Олар үлкен киноның гонорарымен де салыстырғанда көбірек болады даже. Сондай да жағдайлар болады.
Ал Айдарқұловтың кезекті ғашығын – Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайды. Бұл актрисаның веб-сериалдағы алғашқы тәжірбиесі. Еске салсақ, өнер иесі көптеген режиссерлардың шақыртуын қабылдай бермейді.
Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:
– Білесіздер ме, мені қатты қызықтырғаны сценарийдегі оқиға желісі. Ол өмірден алынған. Сондай-ақ, команда да мені қызықтырды. Режиссердің креативті әрі жас болғаны мен үшін жаңа тәжірбие.
Су жаңа веб-сериал романтикалық комедия бағытында. Туындыда орта жастағы жандардың махаббат хикаясы баяндалады. Сюжет желісі күйеуімен ажырасқан, екі баласы бар бас кейіпкердің 19 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатын кездестіруінен басталады.
Дархан Карипов, креативті продюсер:
– Еркектік неден білінеді жалпы, біреумен төбелескеннен, біреуді ұрғаннан емес, жалпы осындай іспен, екі баласы бар әйелді алса ол да бір еркектік қой деп соған тоқталдым да. Осы идея өзіме ұнады.
Жоба авторлары 10 бөлімнен тұратын телехикаяның трендке шығатынына сенімді.