Том Харди суперқаһарман ретінде үлкен экрандарға қайта оралмақ! 2018-дің блокбастеры атанған «Веном» картинасының су жаңа трейлері ел назарына ұсынылды. Фантастиканың жалғасында бас кейіпкерге Карнаж есімді қарсыласымен кездесуге тура келеді. Энди Серкис режиссерлік еткен кинолента осы жылдың қыркүйегінде үлкен экрандардан көрсетілмек.
Disney студиясының да ұсынары бар! «101 долматинец» лентасындағы жауыз әйел ретінде таныс «Круэлла» туралы туынды жарық көрмек. Картинада Круэлланың қатыгез жолға қалай түскені баяндалады. Криминалды комедияда басты рөл – Эмма Стоунға бұйырған болатын. Лентаның премьерасы 28 мамырға жоспарлануда.
Көрерменге балалық шақтан етене таныс Сейлор Мун анимациясы да қайта қауышуға әзір! Әйгілі мультфильмның жалғасы санаталын толықметрде Сейлорға жер шарын жауыздардан құтқарып қалу керек. Netflix ұсынған жоба биыл жаз айларында жарық көруі тиіс.