«Тұрақты гонорарым жоқ!» Санұржан Сүлейменов бала кезінен киноиндустрияда жүрсе де, белгілі бір соммада қаламақы алмайтынын айтады. Жобаның ауқымдылығына қарай еңбекақы талап ететін актер қаржыдан қысылғанда туындыларға таңдамай түседі екен.
Санұржан Сүлейменов, актер:
- Әр проектке әр түрлі. Мысалы өзіңе қатты ұнайтын бір проект болады соған қатысқың келеді. Мысалы бойынша менің менің бір соңғы авторский киноға түскенім оның алдындағы бір проектің бір күні. Толықтай гонорар.
Бүгінде сұранысқа ие Мейірғат Амангельдин де киногерлердің кез-келген ұсынған бағасына келісуге әзір. «Жастар» театрының актеры: «Тұрақты гонорар талап етуге әлі тәжірбием аз», - дейді. Еске салсақ, Мейірғат көрерменге «Каникулы оффлайн», «Қазақ хандығы» сынды картиналар арқылы танымал.
Мейірғат Амангельдин, актер:
- Менің әлі есімім ондай тұрақты гонорар қоятындай,ға жетпейді. Бірақ енді қойсаң біреулер мынаған не болды жаңағыдай жұлдыз ауруы ұстап қалды ма деп айтады. Бірақ жаман емес орташа. Жалпы жақсы актерлар қазір жақсы гонорар алу керек. Өйткені біз бір киноға қарап отырмыз.
Театр мен киноны қатар алып жүрген Вахид Изимов болса, карантин кезінде қаржыдан қысылғанын жасырмайды. «Телехикаяларға түспейтін» актер бүгінде ютуб жобалар арқылы күн көріп жүрсе керек.
Вахид Изимов, актер:
- Аз емес көп емес. Сериалға түспеймін түспеймін дедім да, бірақ түстім жақында осы веб сериалға. «Эскорт» деген веб сериалына түстім. Көреміз енді «Никогда не говори никогда» дейді ғой. Бірақ қазірше түсіп жатырмын.
Изимов тіпті пандемия телехикаяға түсіп қана қоймай, жеке бизнес ашуыма себепкер болды деп отыр.