«Бизнес по-казахски в Турции» фильміне 8 ай бұрын кіріскен Нұрлан Қоянбаев: «Аталмыш жобаны аяқтаудың енді ғана сәті түсті», - деп отыр. Фильмнің соңғы сахнасы үшін күллі команда Алматыға арнайы жиналған еді. Кинопродюсер болса, атқарылған жұмысқа дән риза.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
– Сценаристтерге, актерларға барлық ұжымға осы бесінші бөлім қатты ұнап жатыр. Мен өзім барлығы «Бизнес по-казахски» бөлімдеріне енді өзім автор болғаннан кейін көңілімнен шықпайды. Бір жері ұнайды бір жері ұнамайды. Осы жылы өзім көңілімнен шықты.
Жыл сайын «Бизнес по казахскидың» жаңа бөлімін таспалау актерлер үшін де игі дәстүрге айналғандай. Жобаның бірінші бөлімінен басында жүрген Жан Байжанбаев кейіпкерлердің көрерменді жалықтырып алмайтынына сенімді.
Жан Байжанбаев, актер:
– Бұл франшиза болғандықтан, әр бөлімінде сол баяғы кейіпкерлер болады. Бірақ, кейіпкерлер әр бөлімде жаңаша қырынан танылып, сценаррийге сай өзгеріп отырады.
Оның үстіне, бұл жолы «Бизнес по-казахски» комедиясы бұрыңғыдай Еркоштың жоғалып кетуінен басталдамайды. Сценарий авторы Сәбит Рахимбаев: «Фильм арқылы қазақ көрерменіне түрік халқының тұрмысы мен мәдениетін көрсеткіміз келді», - дейді.
Сәбит Рахимбаев, актер, сценарист:
– «Бизнес по казахски в Турции» фильмі бұл жолғы ауқымымен ерекшеленбек. Біз түрік елінің мәдениетін, кино, телехикая қалай таспаланатынын қазақ көрермендеріне көрсеткіміз келді. Себебі ол отандастарымыздың жанына жақын.
Киногерлердің айтуынша, каранатинге қарамастан шетелге шығып таспаланған туынды бесінші бөліммен тоқтап қалмайды. Ал «Бизнес по-казахски в Турции» фильмінің қашан жарық көретіні әзірге белгісіз. Нұрлан Қоянбаев кинотеатрлар 100-пайыз ашылғанда ғана өз туындысын ұсынуға ниетті.