Шоу-бизнестің басы бос бикештеріне «Қашан тұрмыс құрасың?» сынды сұрақтар жиі қойылады. Кезегі келіп тұрғандардың қатарында Сара Амангелді де бар. Бұған дейін жеке өмірін жаһанға жар салып үйренген Сара бүгінде бәрін құпияда ұстайды. «Ауызым күйді», - деген ару ештеңе айтқысы келмейді. Себебі, көз-тілге сенеді.
Сара Амангелді, әнші, актриса:
- Тойдан кейін ғой, той болсын деген сияқты. Өйткені көз деген заттан шынымен де қатты қорқып қалдым. Өйткені бақыттымын немесе бақытсызбын деп айтуға болмайды екен. Все нужно держать оказывается при себе.
«Төзім» деп аталатын тректі Зирузаға экс-«Moonlight»-тық Ерік Төленов сыйға тартқан еді. Қос өнерпаз туралы гу-гу гәп содан кейін өршіген. «Бізді тек жұмыс байланыстырады», - деген Зируза, бұндай алып-қашпа әңгімелерге еті үйренгенін айтады. «Арада сезім жоқ»,-дейді ол.
Ziruza, әнші:
- Тек қана жұмыс жағдайында болған қарым-қатынас. Біз бір-бірімізді танимыз. Сол жерде танысқан болатынбыз. Жалпы олай жаман ойлаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бәріміз бірде жұмыс жасап жүргеннен кейін, бір бағытта жүргендіктен ондай сыбыстар болады.
Зирузаны Еріктен бөлек, осы күнге дейін 91-лік Баламен қосатындар көп. Бірақ әзірге q-pop ханшайымының жүрегі бос. Одан бөлек, саусағына сақина салынбаған сұраныстағы сұлулар тізімінде «BIP house»-тық Мона, актриса Зухра Сайпи және соңғы жылдары режиссер Айсұлтан Сейітовпен көңіл жарастырып жүрген дизайнер Айя Шалқар да бар.