Карантиннің кинотеатрлардың жұмысына кедіргісі тигенімен, режиссерлар қол қусырып отырған жоқ. Бұған дәлел аурухана жайлы таспаланып жатқан су жаңа комедия. Түсірілім алаңында қызу жұмыс жүргізіп жатқан команданың арасынан, Дәурен Серғазинді байқап қалдық. Танымал актер бұл жолы дәрігер-интерн образында.
Дәурен Серғазин, актер:
- Бұл енді көрерменнің көңілінен сергіту үшін комедия жалпы. Көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлау үшін әрине тек қана арзан күлкі емес, ішінде ойландыратын нәрселер бар. Өйткені бұл бүгінгі күннің кейіпкерлері. Өмірге жақын кейіпкерлер.
Карантинге қармастан, фильм продюсерлері актерлық құрамнан гонорарды аямаған көрінеді. Ең қымбат әртістердің санатына жататын Қайрат Әділгерей де бұны жасырмайды. Комедияда жемқор әкімді сомдайтын Қайрат, рөлі шынайы шығу үшін барын салмақ.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Негізі бұл ескі больница. Осы әкімге бөлінген больницаға ақша бөлінген ақшаны ішіп жеп тастаған. Бірақ өзінің басына іс түскен кезде осы ремонтка бөлінген ақшаны ішіп-жеп тастаған әкім өзі сол больницасына тап болып, содан оқиға шиеленісіп басталып жатыр.
Әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын комедияда эпатажды кейіпкерлер де кездеседі. Соның бірі, танымал беташаршы Қабдол Тілеков. Кинодағы алғашқы рөлі үшін, әзілкеш тіпті шашын бояп, дреды жалғаған. Қабдол АҚШ-тан Қазақстанға оқуға келген студенттің рөлін сомдайды.
Қабдол Тілеков, беташарист, блогер:
- Маған фотосын жіберді осындай болады деп. Маған өзіме ұнады, білмеймін фотодағы жігітке үйлесіп тұрды әйтеуір енді американец жігіт қой енді. Сосын маған жасады осы, жасап жатқан кезде 7 сағат жасалған шаш қой бұл.
Қабдол ғана емес, Гүлназ Жоланова да өзін жаңа қырынан сынап көрмек. Дөрекі әрі батыл қызды сомдайтын актриса: «Экспериментті қаладым», - дейді.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Шыны керек осы осыған дейін мен интервьюларда да, былай режиссерларды көрген де де айтып жүрдім. Басқа антогонист болғым келеді, жағымсыз кейіпкер немесе жаңағы визуалды түрде өзгертулер керек деп. Менің айтқанымды бұл жобада естіген сияқты.
Жаңа комедия карантин талаптары жеңілдетіліп, кинотеатрлар 100 пайыз іске қосылғанда ған үлкен экрандарға жол тартпақ.