«Грэмми» марпаты өз жеңімпаздарын анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

63-i ші рет ұйымдастырылып отырған «Грэмми» салтанаты карантинге қарамастан, қызыл кілемнен бас тартпады. Мәртебелі марапат әдеттегі дәстүрінен таймай, ең әуелі әртістерді арнайы жолаққа жинады. Билли Айлиш, DaBaby, Doja Cat бастаған өнерпаздар паппарацци алдында жұлдыздай жарқырады. Әсіресе, жас әнші Ноа Сайрус өз образымен ерекшелене білгендей.

Салтанатты кештің негізгі бөлімі де, тартысқа толы болды! «Black Parade» туындысымен «Үздік R&B орындау» номинациясын еншілеген Бейонсе рекорд жаңғыртты! Өнер иесі қатарынан 28-рет «Грэмми» алған тарихтағы тұңғыш әйел әртіс атанды.

Бейонсе, әнші:

- Шынымды айтсам өмірімді өнерге арнадым! Тоғыз жасымнан бастап еңбек етіп келемін. Осындай керемет кеште еңбегімнің елеңгені қуантады. Дәл қазыр ұл-қыздарым мені көріп отыр, құттықтаймын!

Айтпақшы, бұл кеште Бейонсенің қызы Блю Айвидің де есімі лауреат ретінде аталды. Beyoncé, Blue Ivy, SAINt JHN, WizKid бірлесе ұсынған «Brown Skin Girl» бейнебаяны «Үздік музыкалық видео» мүсіншесіне ие болды.

Ал Тейлор Свифт «Жыл альбомы» аталымының иегері! Муызка сыншыларының пайымынша, «Folklore» жинағы әншінің дискографиясындағы ең үздігі.

Тэйлор Свифт, әнші:

- Жанымды тұорған жандарға, комнадама алғыс айтқым келеді! Каранти кезі жақсы әндер жазуыма себепкер болды.

Билли Айлиш болса, бұл күні қатарынан бірнеше мүсіншені қолтықтап қайтты. Поп-орындаушыға жеңіс сыйлаған «Everything I Wanted» және «No Time To Die» тректері.

Сондай-ақ, бұл кеште Дуа Липа «Future Nostalgia» жинағымен «Үздік вокалды поп-альбом», ал Меган Megan Thee Stallion «Үздік жас әнші» аталымын жеңіп алды.